Әлеуметтік желілер мен бейнехостингтерде таралып жатқан зейнетақы төлемдерінен 20% ұстап қалу енгізілді деген ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Белгісіз тұлғалар deepfake технологияларын пайдаланып, ынтымақты зейнетақы төлемдері 20%-ға қысқарады деген жалған мәліметті таратып жатыр.
Ресми мәліметтер
Еске саламыз, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап:
- Базалық және ынтымақты зейнетақы мөлшері ҚР Ұлттық Банкі айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 10%-ға арттырылды.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде жыл сайын кезең-кезеңімен:
- Ең төменгі базалық зейнетақы мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-ына дейін;
- Ең жоғары мөлшері 120%-ына дейін ұлғайтылуда.
Осылайша, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап:
- Базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері – 35 596 теңге (күнкөріс деңгейінің 70%-ы);
- Ең жоғары мөлшері – күнкөріс деңгейінің 110%-ынан 118%-ына дейін ұлғайып, 60 005 теңгені құрады.
Азаматтарға ескерту
Азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз.
Қасақана жалған ақпарат таратқаны үшін заңнамаға сәйкес жауапкершілік көзделгенін еске саламыз.