Қазақстанда бала құқықтарын қорғау жүйесі кеңейтілді

902
Ринат Сафин Редактор
Фотосурет: Gov

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова «БҰҰ-Әйелдер» ұйымының Орталық Азия бойынша үйлестіру кеңсесінің басшысы және Қазақстандағы Елдік кеңсе өкілі Джерен Гювен Гюрэспен ресми кездесу өткізді. Жиынға «БҰҰ-әйелдер» құрылымының Қазақстандағы бағдарламалар басшысы Дина Амришева да қатысты. Кездесуде білім беру саласындағы іргелі реформалар мен бала құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Келешек мектептері жобасының нәтижелері

Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүзеге асырылған «Келешек мектептері» ұлттық жобасының нәтижелері сөз болды. Қазіргі таңда елімізде 217 заманауи мектеп пайдалануға берілген, оның 84-і ауылдық жерлерде орналасқан.

Жұлдыз Сүлейменова атап өткендей, бұл жобаның басты мақсаты – ауыл мен қала арасындағы білім сапасының теңсіздігін жою және шалғай елді мекендерде халықаралық стандарттарға сай білім ошақтарын салу. Оқушылардың білім алу мүмкіндігін теңестіру – еліміздің мемлекеттік саясатының басым бағыты.

Педагогтық кадрлар және әйелдердің үлесі

Министр педагогтар әлеуетіне тоқталып, келесі мәліметтерді ұсынды:

  • Елдегі педагогтердің 81%-ы әйелдер;
  • TALIS-2024 халықаралық зерттеуінің қорытындылары бойынша мұғалімдердің 95%-ы өз жұмысына көңілі толатынын, ал 80%-ы кәсіби таңдау мүмкіндігі қайта берілсе, тағы да осы мамандықты таңдар еді.

Бұл көрсеткіштер Президенттің мұғалім мәртебесін көтеруге бағытталған іргелі реформаларының тиімділігін дәлелдейді.

Бала құқықтарын қорғау

Министрлік балалардың құқықтық сауаты мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 10 маңызды заң жобасын ілгерілетті.

  • Зорлық-зомбылыққа «нөлдік төзімділік» принципі енгізілді;
  • Кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар үшін жауапкершілік күшейтілді;
  • 2025 жылғы заңнамалық жаңартулар аясында қорғаншылық талаптар күшейтілді, бала құқықтарын қорғау бойынша өңірлік органдардың функциялары кеңейтілді;
  • Мемлекеттік бақылаудың жаңа тетіктері бекітілді.

Халықаралық серіктестік

Джерен Гювен Гюрэс Қазақстанның гендерлік саясаттағы және білім берудегі жетістіктерін жоғары бағалап, Министрлікті бірнеше бағыт бойынша серіктестікті нығайтуға шақырды.

Кездесу соңында Жұлдыз Сүлейменова Мемлекет басшысының әйелдер қауымын қолдауға бағытталған саясатының маңыздылығын атап өтіп, мәртебелі мейманға Қазақстанның саясаттағы әйелдері туралы кітапты тарту етті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -