ЖИ логистика мен кеден процестерін қалай жеделдетеді

814
Ринат Сафин Редактор
Фотосурет: UKIMET

Қазақстанда көлік-логистика саласына жасанды интеллект енгізу аясында Smart Cargo цифрлық платформасы іске қосылып жатыр, деп хабарлайды DKNews.kz.

Жоба шекарадан өту уақытын қысқартуға, шығындарды азайтуға және елдің транзиттік әлеуетін күшейтуге бағытталған.

Бұл туралы Үкімет отырысында көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді.

Smart Cargo деген не

Министрдің айтуынша, Smart Cargo – мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдерін біріктіретін бірыңғай цифрлық платформа.

Жүк туралы барлық ақпарат QR-код арқылы қолжетімді болады.

Жүйе мына процестерді біріктіреді:

  • жүк туралы деректерді жинау
  • рұқсат құжаттарын тексеру
  • маршруттарды қалыптастыру
  • қозғалысты бақылау
  • шекарадағы рәсімдерді жеделдету

Шекарадан өту 4 сағаттан 30 минутқа қысқарады

Министр жүйенің негізгі артықшылығын атап өтті.

«Жасанды интеллекті құжаттарды автоматты түрде тексереді, маршруттарды құрып, қозғалысты бақылайды және қажетті рұқсаттарды анықтайды. Нәтижесінде шекарадан өту уақыты 4 сағаттан 30 минутқа дейін қысқарады. Теміржол саласында жасанды интеллектке негізделген 10-ға жуық жобалар жүзеге асырылуда. Соның негізгісі — KinetiX диагностикалау жүйесі. Бұрын диагностика қолмен жүргізіліп, 2 сағатқа дейін уақыт алатын және адам факторына тәуелді болатын. Қазір жүйе вагондарды 9 негізгі параметр бойынша автоматты түрде, нақты уақыт режимінде тексереді. Нәтижесінде диагностика 8 минутқа дейін қысқарды»

Бұл әсіресе халықаралық тасымал көлемін арттыру үшін маңызды көрсеткіш саналады.

Теміржолда AI қалай жұмыс істейді

Министрдің сөзінше, теміржол саласында жасанды интеллектке негізделген 10-ға жуық жоба іске асырылып жатыр.

Соның ішіндегі негізгісі – KinetiX диагностикалау жүйесі.

Жүйе:

  • вагондарды 9 параметр бойынша тексереді
  • нақты уақыт режимінде жұмыс істейді
  • адам факторын азайтады
  • ақауларды жедел анықтайды

Нәтижесінде тексеру уақыты 2 сағаттан 8 минутқа дейін қысқарған.

Автожолдарда бұзушылықты AI анықтайды

Министр автомобиль көлігі саласында да интеллектуалды бақылау жүйесі енгізіліп жатқанын айтты.

Жасанды интеллект:

  • көлік маршруттарын анықтайды
  • салмақ өлшеу станцияларымен деректерді салыстырады
  • бұзушылықтарды табады
  • автоматты түрде белгі береді

Бұл артық салмақпен жүру және бақылаудан айналып өту жағдайларын азайтуы тиіс.

Сонымен бірге жолдардың тозуы төмендеуі мүмкін.

Құжат рәсімдеу 30 күннен 3 күнге қысқарады

Министрлік ішкі процестерін цифрландыруға да басымдық беріп отыр.

Қазір көптеген рәсімдер қолмен өңделеді және 30 күнге дейін созылады.

Жасанды интеллект енгізілгеннен кейін бұл мерзім 3 күнге дейін қысқарады.

Е-Көлік жүйесі құрылады

Нұрлан Сауранбаев көлік саласында бірыңғай интеллектуалды е-Көлік платформасы құрылып жатқанын хабарлады.

«Біздің міндет қызметкерлерді қолмен өңдеуден босатып, талдау және шешім қабылдау деңгейіне көшіру. Сонымен қатар бірыңғай интеллектуалды көлік жүйесі е-Көлік қалыптасуда. Платформа QazTech базасында құрылады және барлық көлік түрлерін біріктіреді. Бұл деректерді жинауға, өңдеуге, көлік ағындарын болжауға және шешімдерді автоматты түрде қабылдауға мүмкіндік береді. Әлемдік бағалау бойынша көлік саласы деректердің ең ірі генераторларының бірі. Осыған байланысты жасанды интеллекті оларды өңдеудің негізгі құралына айналады. Е-Көлік саланы алдын ала басқаруға мүмкіндік береді»

Бұл не үшін маңызды

Сарапшылардың пікірінше, мұндай цифрлық шешімдер Қазақстанның Еуропа мен Азия арасындағы транзиттік дәліз ретіндегі рөлін күшейте алады.

Сонымен қатар:

  • логистикалық шығын азаяды
  • бизнеске уақыт үнемделеді
  • тасымал көлемі өседі
  • мемлекеттік бақылау тиімді болады
  • көлік саласы цифрлық форматқа өтеді

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -