Қазақстан ЮНЕСКО-ға қандай нысандарды ұсынып жатыр

561
Фотосурет: Akorda

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі – ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы Ерлан Қарин ЮНЕСКО Бас директорының мәдениет жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы, Дүниежүзілік мұра орталығының директоры Лазар Элунду Ассомомен кездесу өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Халықаралық симпозиум мәселесі талқыланды

Кездесу барысында Ерлан Қарин ЮНЕСКО қолдауымен Астанада өткен «Алтын Орда дала өркениетінің моделі ретінде: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» халықаралық симпозиумына қатысқаны үшін Лазар Элунду Ассомоға алғыс айтты.

Тараптар:

  • мәдени мұраны сақтау
  • тарихи ескерткіштерді халықаралық деңгейде насихаттау
  • ЮНЕСКО аясындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады

Қазақстанның жаңа номинациялары қаралады

Кездесу кезінде Қазақстан үшін маңызды тарихи-мәдени нысандарды ЮНЕСКО-ның халықаралық тізімдеріне енгізу мәселесіне ерекше назар аударылды.

Атап айтқанда, 19–29 шілде аралығында Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында өтетін жиында Қазақстан қатысатын екі номинация қаралады.

Маңғыстаудың жерасты мешіттері ұсынылды

Бірінші ұлттық номинация – «Маңғыстаудың жерасты мешіттері».

Оның аясында:

  • Бекет ата
  • Қараман ата
  • Шопан ата
  • Шақпақ ата
  • Сұлтан епе

сияқты тарихи ескерткіштер ұсынылған.

ЮНЕСКО тізіміне Отырар мен Түркістан да ұсынылды

Екінші номинация – «Жібек жолы: Ферғана – Сырдария дәлізі».

Бұл – Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан бірлесіп ұсынған трансұлттық жоба.

Қазақстан тарапынан ЮНЕСКО тізіміне:

  • Отырар
  • Сауран
  • Түркістан
  • Сығанақ
  • Жетіасар
  • Жанкент

қалашықтары ұсынылды.

Қазақстан ЮНЕСКО-мен ынтымақтастықты күшейтеді

Кездесу барысында Ерлан Қарин Қазақстанның ЮНЕСКО-мен серіктестікке ерекше мән беретінін айтты.

Мемлекеттік кеңесші:

  • мәдени мұраны сақтау
  • халықаралық гуманитарлық байланыстарды дамыту
  • өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту маңызды екенін атап өтті

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -