Белдікті табыңыз! GWM TANK брендімен әлемдегі ең басты жол талғамайтын көліктер сынағына аттанады

880
Фотосурет: Astana Motors / TANK 700 жол талғамайтын көлігі

Great Wall Motor (GWM) автокөлік концерні 2027 жылы «Дакар» раллиіне аттанады.

Іс-шараның басты жұлдызы TANK 700 флагманды жол талғамайтын көлігі болады. Бұл туралы 2026 жылғы Бейжің автокөрмесінде хабарланды.

Қиын соқпақтарды еңсеруге жаралған жол талғамайтын көлік

TANK 700 - 354 ат күші қуаты бар 3,0 литрлік V6 қозғалтқышты, толық рамалы жол талғамайтын көлік. Төмендететін беріліс қорабы, дифференциалды бұғаттау, шанақтың күрделі геометриясы және жоғары қауіпсіздік шегі оны қиын бағыттар мен экстремалды жағдайда пайдалануға арналған көлік етеді.

«Дакарға» арналған жарыс нұсқасы сайыс талаптарына сай қайта жасақталады. Оған көліктің өндірісте қолданып жатқан құрылымы негіз болады. TANK брендінің «Дакарға» қатысу мақсаты - автокөлік үшін ең қиын сынақтардың бірінде платформаның нақты мүмкіндіктерін көрсету.

Қазақы нақыштағы қытай концерні

Бүгінде GWM - Haval, TANK, Wey және ORA брендтері, сондай-ақ пикаптар желісін шығаратын ең ірі автокөлік алпауыттарының бірі. Концерннің төл зауыттары, зерттеу орталықтары, сынақ алаңдары бар және әртүрлі пайдалану жағдайларына арналған көліктерді әзірлеуге бағытталған көпжылдық инвестицияларын да айта кеткен жөн.

GWM 2021 жылдан бастап Қазақстан нарығына шығып, Astana Motors портфеліне енді. Осы уақыт ішінде ел ішінде 33 заманауи орталықтан тұратын дилерлік желі құрылды.

TANK бренді қарқынды дамып келеді. Соңғы үш жылда 5 500-ден астам қазақстандық TANK көліктерін таңдады. Брендтің айналасында TANKZ атты көлік иелерінің қауымдастығы құрылды. Бүгінде клубтың 2000 мүшесі бар. Оларды саяхат, экспедиция және жол талғамайтын көлікке деген ортақ қызығушылықтар біріктіреді. Клуб мүшелердің жүріп өткен бағыттарының жалпы ұзындығы 30 000 шақырымнан асты. Ал бұл - «Дакар» раллиінің үш дистанциясынан асатын қашықтық.

TANK Club экспедиция мүшелері ФОТО: Astana Motors

GWM компаниясының Қазақстандағы орны жергілікті өндірісті іске қосқалы нығая түсті. Алматыдағы Astana Motors Manufacturing Kazakhstan мультибренді зауытында қолжетімде Haval M6 моделінен бастап заманауи TANK 500 көлігіне дейінгі барлық модель желісі өндіріледі. Жақында GWM Алматыда Poer және Wingle 7 пикаптарын шығара бастады.

Нәтижемен расталған тәжірибе

GWM үшін «Дакар» жаңа тәжірибе емес. Компания 2010-2014 жылдары жарысқа қатысып, 2014 жылы Haval H8 Dakar прототипімен бір кезеңде жеңіске жетті.

Бүгінде концерн мықты инженерлік құрам, жаһандық амбиция және рамалы жол талғамайтын көліктер сегментіндегі ең көрнекті ойыншылардың біріне айналған TANK брендімен жаңа мәртебеде қайта оралуда.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -