— Қызмет алушылар Департаментке тек ақпараттық жүйелер арқылы емес жедел ден қою үшін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің нұсқауымен әзірленген «1414» бірыңғай байланыс орталығында «уәкілетті органға өтініш беру» батырмасы арқылы өтініш жолдай алады. Онда азаматтар «EgovKzBot2.0» telegram бот-платформасы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру бойынша пікір, шағым, мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту жөнінде ұсыныс енгізе алады.
Мысалы, Департаментке қызмет алушы «Қосылған құн салығын төлеушілерді тіркеу есебі» мемлекеттік қызметіне көрсету нәтижесін ақпараттық жүйеде ақауларға байланысты алмауы туралы өтінішпен жүгінді. Департаменттің жауапты мамандары өтініш иесі және қызмет берушімен кері байланыс орнатты.
Өтінішті қарау барысында кәсіпкердің құқығы қалпына келтіріліп, оған «Қосылған құн салығын төлеушілерді тіркеу есебі» қызметі көрсетілді.
— Кәсіпкерлер туралы айттыңыз, олардың бір жүйелі түрде проблемалары шешілген мысалдар келтіре аласызба?
— Жалпы, Департамент мемлекеттік қызметтерді алу кезіндегі кәсіпкерлердің құқықтарының сақталуына, олардың жүйелі проблемаларының шешілуіне үлкен көңіл бөледі.
Мысалы, Департаменттің ұсынулары мен шағымдар бойынша шешімдерінің негізінде әкімдіктер мен 4 шаруа қожалығы арасында жалпы алаңы 32000 гектар ауыл шаруашылығына арналған жер учаскелеріне жалдау мерзімі ұзартылды.
Бұл шаралар кәсіпкерлерге жалдау мерзімі шегінде 10 миллиард теңгеден астам табыс алып, ауылдық елді мекендерде 15-тен артық жұмыс орындарын сақтап қалуға мүмкіндік береді.
Тексеру нәтижесінде «Саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге, карантинді объектілерге қарсы өңдеулер жүргізуге арналған пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) құнын субсидиялау» қызметін алу тәртібінде 178 шаруаға 418 миллион теңге субсидия төленді.
— Қызмет алушылардың құқықтарын қорғау мүмкіндігі тек олар шағымданған жағдайда мүмкін бе?
— 2024 жылғы 6 сәуірде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңға көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған түзетулер енгізілді.
Заңнамадағы жаңашылдықтарға сәйкес көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға кедергі жасаған Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын бұзушылықтар бойынша олардың мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға қайта жүгіну қажеттілігінсіз қалпына келтіру бойынша шаралар да қабылданады.
Заңға енгізілген өзгерісті орындау аясында Мемлекеттік қызмет істері агенттігі неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер көрсетілетін «Е-лицензиялау» жүйесінде көрсетілетін қызметті берушілер үшін азаматтардың бұзылған құқықтарын қайта жүгіну қажеттілігінсіз қалпына келтіру жөнінде шаралар қабылдауға мүмкіндік беретін модульді іске асырды.
Атап айтқанда, 2026 жылдың өткен мерзімінде Департамент қызмет алушылардың шағымдарын қарау, тексерулер нәтижесінде 73 қызмет алушының бұзылған құқықтарын қайта жүгіну қажеттілігісіз, проактивті нысанда қалпына келтірді.