Esil University жаңа оқу жылында университетті таңдаудың 10 себебін атады

803
Ринат Сафин Редактор
Фотосурет: Esil University

Қабылдау науқаны қарсаңында Esil University елордадағы жетекші университеттердің бірінде білім алудың негізгі артықшылықтарын таныстырды. Университет заманауи білім беру бағдарламаларына, халықаралық ынтымақтастыққа, түлектерді сапалы даярлауға және студенттерге жайлы жағдай жасауға басымдық береді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Esil University сұранысқа ие бағыттар бойынша білім ұсынады және тәжірибеге, цифрлық технологияларға әрі болашақ мамандардың мансаптық өсуіне бағытталған білім беру ортасын дамытып келеді.

Esil University-ді таңдаудың 10 басты артықшылығы

  1. Заманауи мамандықтар мекені: Бас қаламыз Астанада орналасқан IT, digital, экономика және бизнес, басқару, менеджмент, құқық және педагогика салалары бойынша жетекші жоғары оқу орны.
  2. Жоғары рейтинг: Гуманитарлық-экономикалық бағыт бойынша Қазақстанның ТОП-5 университетінің қатарына кіреді.
  3. Мықты инфрақұрылым: Заманауи үлгідегі оқу кампустары мен озық ғылыми-зерттеу базасы бар.
  4. Жайлы жатақханалар: Студенттер үшін қонақүй типіндегі жатақханалар қарастырылған.
  5. Білікті мамандар: Дәрісті жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамы мен тәжірибелі практиктер береді.
  6. Әлемдік білім беру: Әлемнің 97 үздік университетінде білім алу мүмкіндігі: қос дипломды білім беру және академиялық ұтқырлық бағдарламалары.
  7. Халықаралық диплом: Түлектер халықаралық деңгейде аккредиттелген, шетелде танылатын диплом алады.
  8. Үздіксіз білім беру үрдісі: Оқытудың барлық сатысы бар: бакалавриат, магистратура және PhD докторантура.
  9. Кепілді жұмыс орны: Түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші еліміз бойынша ең жоғары деңгейде.
  10. Ұмытылмас студенттік шақ: Esil University – жарқын, белсенді әрі әсерлі студенттік өмірдің кепілі!

Esil University студенттерге сапалы білім беру ортасын ғана емес, кәсіби және тұлғалық дамуға қолайлы жағдай жасауды мақсат ететінін, ал табысты мансаптың студенттік жылдардың алғашқы кезеңінен басталуы тиіс екенін атап өтті.

Біз туралы толығырақ https://esil.edu.kz/ ресми интернет-ресурсынан білуге болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -