20 триллион теңгеге жуық: қазақстандық бизнес ақшасын қайда сақтайды

693
Фотосурет: коллаж DKNews.kz/AI-generate

Бизнестің қазақстандық банктерге сенімі артып келеді: салым сомасы 65%-дан астамға өсті

Бүгінде Қазақстанның банк секторы өзінің орнықтылығы, тұрақтылығы және жоғары деңгейдегі цифрландырудың арқасында ел экономикасын дамытудың басты қозғаушы күштерінің біріне айналды. Банктер тек ақша сақтайтын мекеме шеңберінен әлдеқашан шығып, халық пен бизнеске арналған толыққанды қаржылық инфрақұрылымға айналды. Олар қаржы ағынын тиімді басқаруды, есеп айырысу жүргізуді, жобаларды қаржыландыруды және капиталдың сақталуын қамтамасыз етеді.

Корпоративтік сектор үшін бұл қаржы институттары ерекше маңызды рөл атқарады. Компаниялар күнделікті есеп айырысу жүргізіп, өтімділік пен уақытша бос ақшалай қаражатты дәл осы банк жүйесі арқылы басқарады. Бұл ретте банктік салымдар капиталды сақтау үшін де, операциялық қызмет шеңберінде қаржылық ресурстарды тиімді басқару үшін де қолданылатын негізгі құралдардың бірі болып қала береді. Сондықтан заңды тұлғалар депозиттерінің серпіні іскерлік белсенділік пен бизнестің елдегі банк жүйесіне деген сенім деңгейінің ең айқын индикаторларының бірі болып табылады.

2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша ҚР ЕДБ-дегі заңды тұлғалардың салымдарының көлемі 19,6 трлн теңгеге жетті. Бір ай ішінде бұл көрсеткіш 52,2 млрд теңгеге немесе 0,3%-ға артты. Бұл ретте жекелеген қаржы институттары бойынша серпін айтарлықтай өзгеше болды: 23 банктің 15-і корпоративтік депозиттердің өскенін көрсетсе, қалған 8 банкте заңды тұлғалардың салымдарының көлемі төмендеген.

Корпоративтік салымдардың абсолюттік өсімі бойынша ForteBank көш бастап отыр. Бір айда банктегі бизнес депозиттерінің көлемі 126,3 млрд теңгеге немесе 6,2%-ға артып, 2,2 трлн теңгеге жетті. Бұл көрсеткіш бойынша қаржы институты Қазақстанның ең ірі үш банкінің қатарына кіреді. Корпоративтік клиенттер тарапынан қызығушылықтың жоғары болуы бизнес үшін шешімдердің кең мүмкіндіктермен түсіндіріледі: ForteBank әртүрлі санаттағы кәсіпорындардың қажеттіліктеріне бағытталған ағымдағы шоттарды, сондай-ақ мерзімді, жинақ және шартты өнімдерді қосқанда, түрлі депозитерді ұсынады.

Айлық өсім бойынша екінші орынға Halyk Bank жайғасып, заңды тұлғалардың салым көлемін 74,5 млрд теңгеге немесе 1,3%-ға көбейтіп, 6 трлн теңгеге жеткізді.

Үшінші орынға Altyn Bank тұрақтады, ондағы бизнес салымдары 49,1 млрд теңгеге немесе 10,3%-ға өсіп, 524,3 млрд теңгеге жеткен.

Корпоративтік депозиттердің ең көп өсімін көрсеткен үздік бес ҚР ЕДБ қатарына бизнес салымдарының көлемін 46,1 млрд теңгеге арттырған Ситибанк Казахстан және өсімі 40,8 млрд теңгені құраған Отбасы банк те кірді.

Ұзақ мерзімді кезеңде бизнес салымдары жоғары қарқынмен өскенін көрсетіп отыр. Соңғы бір жылда ҚР ЕКБ-дегі заңды тұлғалардың салымдарының көлемі 5,8%-ға ұлғайса, бес жыл ішіндегі өсім 65,6%-ды құрады.

Бизнес салымдарының құрылымы төмендегідей:
• мерзімді салымдар — 12,5 трлн теңге немесе жалпы көлемінің 63,8%-ы;
• ағымдағы шоттар — 5,7 трлн теңге немесе 28,9%;
• талап етілгенге дейінгі салымдар — 566,5 млрд теңге немесе 2,9%;
• жинақтаушы салымдар — 436,5 млрд теңге немесе 2,2%;
• шартты салымдар — 432,3 млрд теңге немесе 2,2%.

Осылайша, бизнестің депозиттік портфелінің негізін барлық қаражаттың 63,8%-ын құрайтын мерзімді салымдар құрайды. Компаниялар оларды уақытша бос өтімділікті орналастыру және қаражатқа тұрақты қол жеткізбей-ақ, кепілдік берілген табыс алу үшін пайдаланады.

Екінші орында 28,9% үлесімен ағымдағы шоттар тұр. Олар күнделікті есеп айырысу жүргізудің, жалақы төлеудің, жеткізушілерге ақы төлеудің және бизнестің басқа да операциялық міндеттерін орындаудың басты құралы болып табылады.

Каражаттың 2,9%-ы талап етілгенге дейінгі салымдарға тиесілі. Табыстылығы жоғары болмаса да, бұл өнімдер компанияларға орналастырылған қаражатты кез келген уақытта шектеусіз пайдалануға мүмкіндік береді.

Жинақтаушы салымдар депозиттік портфельдің 2,2%-ын құрайды. Әдетте олар ұсынатын табыстылық тиімдірек, бірақ қаражатты сақтаудың қатаң шарттарын көздейді, бұл корпоративтік клиенттердің салымды пайдалануын шектейді.

Тағы 2,2%-ы шартты салымдардың үлесінде. Мұндай депозиттер негізінен шарттар бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету, тендерлерге қатысу, кепілдіктер беру және қаражат тек белгілі бір шарттар орындалған кезде ғана пайдаланылатын басқа да мәмілелер үшін қолданылады.

Сонымен, кез келген бизнес үшін тек ақша табу ғана емес, сонымен бірге бос ақша қаражатын сауатты басқару да өте маңызды. Банктік депозиттер компанияларға капиталды сақтауға, қосымша табыс алуға және өтімділіктің қажетті деңгейін ұстап тұруға мүмкіндік бере отырып, мұндай басқарудың басты құралдарының біріне айналған. Кәсіпорындардың банктерге қомақты қаражат сеніп тапсыруға дайындығы бизнестің қаржы жүйесінің сенімділігіне деген сенімін білдіреді. Өз кезегінде, корпоративтік салымдар банктерді кәсіпорындар мен халықты кредиттеу арқылы экономиканы қаржыландыруға пайдаланылатын тұрақты ресурстық базамен қамтамасыз етеді. Сондықтан заңды тұлғалардың депозиттерінің көлемін бизнестің Қазақстанның банк секторына деген сенімінің негізгі индикаторларының бірі ретінде қарастыруға болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Как разместить агитационные материалы политическим партиям на DKNews.kz

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -