FlyArystan Almaty Marathon қатысушыларына 30% жеңілдік ұсынады

770
Фотосурет: @flyarystan_inform

Almaty Marathon қатысушылары жол шығынын үнемдей алады.

FlyArystan әуекомпаниясы 2026 жылғы 27 қыркүйекте өтетін Almaty Marathon серіктесі ретінде марафонға тіркелген қатысушыларға әуебилеттерге 30 пайыздық жеңілдік ұсынатынын хабарлады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Арнайы ұсыныс «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қорымен серіктестік аясында жүзеге асырылады және тек ресми тіркелген қатысушыларға арналған.

Жеңілдік кімдерге беріледі?

Промокод Almaty Marathon жарысына тіркеліп, қатысу жарнасын толық төлеген қатысушыларға беріледі.

Жеңілдік:

  • FlyArystan-ның Қазақстан ішіндегі тікелей және транзиттік рейстеріне жарамды;
  • Алматы қаласына және кері бағыттағы рейстерге қолданылады;
  • марафонға дейінгі екі күн және жарыстан кейінгі екі күн ішіндегі рейстерге қатысты;
  • бір бағыттағы және барып-қайту билеттеріне бірдей қолданылады.

Билеттерді FlyArystan ресми сайты немесе мобильді қосымшасы арқылы рәсімдеуге болады.

FlyArystan: Спорт адамдарды біріктіреді

«FlyArystan» АҚ президенті және бас атқарушы директоры Йохан Эйдхаген компанияның марафонды екінші жыл қатарынан қолдап отырғанын атап өтті.

«FlyArystan Almaty Marathon-ның серіктесі ретінде екінші жыл қатарынан қолдау көрсетіп келеді. Бұған дейін біз Алматы, Астана және Түркістан қалаларындағы өткен жүгіру жарыстарына қолдау көрсеттік. Бұл әріптестік компаниямыз ұстанатын құндылықтарды айқын көрсетеді. Әуекомпаниясында жүгірумен айналысатын қызметкерлердің өз қауымдастығы қалыптасты: олар марафондар мен басқа да спорттық іс-шараларға тұрақты қатысып, бір-бірін белсенді өмір салтын ұстануға шабыттандырады. Біз спорт адамдарды біріктіріп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, өмірде де, саяхатта да алға ұмтылуға жігер береді деп сенеміз».

Almaty Marathon 15 жылдығын атап өтеді

«Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қорының атқарушы директоры Салтанат Қазыбаева биылғы жарыстың ерекше маңызға ие екенін айтты.

«Биыл Almaty Marathon өзінің 15 жылдық мерейтойын атап өтеді. Осы уақыт ішінде бұл шара өңірдегі ең ірі жүгіру жарыстарының біріне айналып, Қазақстанның түрлі қалалары мен басқа елдерден келген мыңдаған қатысушыны біріктірді. Көпшілік үшін марафонға дайындық жарыс күніне дейін басталып, оған сапарды жоспарлау мен Алматыға ұшуды да қамтиды. FlyArystan-мен серіктестік қатысушыларға бұл сапарды барынша ыңғайлы ұйымдастыруға және мерейтойлық Almaty Marathon-ға алдын ала дайындалуға мүмкіндік береді».

Промокодты қалай қолдануға болады?

Промокод брондау рәсімінің соңғы кезеңінде, төлем алдында енгізіледі. Кодты енгізіп, «ОК» батырмасын басқаннан кейін жеңілдік билет құнына автоматты түрде есептеледі.

Промокодтың негізгі шарттары:

  • бір рет қана қолданылады;
  • бір брондауға ғана жарамды;
  • бір ересек жолаушыға (18+) арналған;
  • басқа акциялармен немесе промокодтармен бірге қолданылмайды;
  • жеңілдік тек негізгі тарифке беріледі, оған әуежай алымдары мен қосымша қызметтер кірмейді.

Әуекомпаниясы промокод бір рет қана пайдаланылатындықтан, барып-қайту билеттерін бір брондау арқылы рәсімдеуге кеңес береді.

Билеттерді www.flyarystan.com ресми сайтынан немесе FlyArystan мобильді қосымшасы арқылы сатып алуға болады.

Марафон қонақтарына арнайы аймақ дайындалады

Арнайы жеңілдіктен бөлек, FlyArystan марафон өтетін жерде интерактивті аймақ ұйымдастырады.

Қонақтарды:

  • ойын-сауық белсенділіктері;
  • жүлделер ұтысы;
  • брендтік кәдесыйлар күтеді.

Сонымен қатар FlyArystan стандартты тарифіне салмағы 7 келіге дейінгі және өлшемі 56×23×36 сантиметр болатын бір дана қол жүгі кіреді. Ал қосымша қызметтерді билетпен бірге алдын ала рәсімдеген жолаушылар олардың құнынан 70 пайызға дейін үнемдей алады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Как разместить агитационные материалы политическим партиям на DKNews.kz

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -