Бас штаб жаңа тәсілге көшті: «Батыл Тойтарыс-2026» оқу-жаттығуы армияға не береді

869
Анастасия Ким Редактор
Фотосурет: Gov

Қазақстан Қарулы күштеріндегі ең ірі стратегиялық оқу-жаттығулардың бірі – «Батыл тойтарыс-2026»-ға дайындық соңғы кезеңге шықты.

Гвардейск гарнизонында өткен тексеріс барысында Бас штаб бастығы Қаныш Әбубәкіров бөлімдердің әзірлігін, цифрлық штабтың жұмысын және отандық әскери технологияларды бағалады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы күштер Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров жұмыс сапарымен Гвардейск гарнизонына барып, стратегиялық командалық-штабтық «Батыл тойтарыс-2026» оқу-жаттығуына дайындық барысын тексерді.

Начальник Генерального штаба определил задачи по подготовке к учению «Батыл Тойтарыс-2026»

Негізгі назар – дайындықтың әр кезеңіне

«Мәтібұлақ» полигонында Бас штаб бастығы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Ержан Ибраевтың және оның орынбасарларының баяндамаларын тыңдады.

Кездесу барысында практикалық эпизодтарды ұйымдастыру, бөлімшелердің жауынгерлік әзірлігі және бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалуы жан-жақты қаралды.

Әскери басшылық оқу-жаттығудың әр кезеңі нақты жоспарға сай өтуі және барлық күш пен құралдың жоғары дайындықта болуы қажет екенін атап өтті.

Начальник Генерального штаба определил задачи по подготовке к учению «Батыл Тойтарыс-2026»

Цифрлық штаб пен жаңа әскери технологиялар көрсетілді

Жұмыс сапары кезінде Қаныш Әбубәкіров Қорғаныс министрінің цифрландыру жөніндегі орынбасары Дархан Ахмадиевпен бірге цифрлық штабтың жұмысымен және отандық қорғаныс-өнеркәсіптік кешен кәсіпорындарының көрмесімен танысты.

Көрме барысында қазақстандық кәсіпорындар байланыс жүйелері, ұшқышсыз авиациялық кешендер және басқа да заманауи әскери әзірлемелерді таныстырды.

Бас штаб бастығы әсіресе байланыс құралдары мен дрондарға ерекше назар аударып, өндірілетін техниканың қазіргі заман талаптарына толық сәйкес келуі, сенімді әрі сапалы болуы маңызды екенін айтты.

Әскери бөлімде нақты тапсырмалар берілді

Полигондағы тексерістен кейін генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіров 21450 әскери бөлімінде кеңес өткізді.

Жиында оқу-жаттығуға дайындықтың барлық бағыты талқыланып, әрбір міндеттің орындалу мерзімі нақтыланды. Сонымен қатар стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуды жоғары деңгейде өткізуге бағытталған қосымша тапсырмалар жүктелді.

Начальник Генерального штаба определил задачи по подготовке к учению «Батыл Тойтарыс-2026»

Үздік сарбазға – 10 тәулік демалыс

Жұмыс сапары әскери бөлімнің тәуліктік нарядында тұрған әскери қызметшілермен кездесумен аяқталды.

Бас штаб бастығы сарбаздардың қызмет өткеру жағдайына, кәсіби даярлығына және әскери-есептік мамандықтарды меңгеру деңгейіне қызығушылық танытты.

Әсіресе бөлімнің зениттік дивизионының зенитші атқышы, қатардағы жауынгер Николай Виниченконың сауатты жауаптары жоғары бағаланды.

Әскери борышын адал атқарып, жоғары дайындық көрсеткені үшін ол 10 тәулікке демалыспен марапатталды.

Алдағы уақытта «Батыл тойтарыс-2026» стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуы Қазақстан Қарулы күштерінің басқару жүйесін, бөлімдердің өзара іс-қимылын және заманауи әскери технологияларды іс жүзінде сынақтан өткізетін негізгі әскери іс-шаралардың бірі болмақ.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Как разместить агитационные материалы политическим партиям на DKNews.kz

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -