Қазақстанның Ұлттық ұланы мүлікті есепке алуды цифрлық форматқа көшіруде

781
Мәдина Есенова Редактор
Фотосурет: Ұлттық ұлан

Қағаз құжаттар, ұзақ түгендеу және қолмен жүргізілетін есеп – мұның бәрі біртіндеп өткеннің еншісінде қалмақ.

Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы әскери мүлікті басқарудың жаңа кезеңіне қадам басып, оны толық цифрлық форматқа көшіруге кірісті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бұл өзгеріс ҚР ІІМ Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы мен "Цифрлық экономиканы дамыту орталығы" ЖШС арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылғаннан кейін жүзеге асырыла бастады.

Учёт имущества будет электронный: Национальная гвардия продолжает цифровую трансформацию

Әрбір мүлік цифрлық бақылауда болады

Жаңа жүйенің басты ерекшелігі – әрбір заттың қозғалысын толық бақылауға мүмкіндік беруі.

Енді әскери мүліктің қоймаға түскен сәтінен бастап нақты қай әскери қызметшіге берілгеніне дейінгі бүкіл жолы цифрлық жүйеде тіркеледі.

Әрбір бұйымға жеке сандық белгі – RFID немесе штрих-код беріледі. Соның арқасында жауапты тұлғалар нақты уақыт режимінде:

  • мүліктің қай жерде тұрғанын;
  • кімге берілгенін;
  • қоймада қанша дана қалғанын

бірнеше секунд ішінде анықтай алады.

Учёт имущества будет электронный: Национальная гвардия продолжает цифровую трансформацию

Алғашқы пилот Алматыда басталады

Жаңа жүйені бірінші болып Алматы қаласындағы 7552 әскери бөлімі енгізеді.

Пилоттық жоба сәтті аяқталған жағдайда, цифрлық тәжірибе ҚР ІІМ Ұлттық ұланының барлық әскери бөлімдеріне кезең-кезеңімен таратылады.

Цифрландыру қандай өзгеріс әкеледі?

Мамандардың айтуынша, жаңа жүйе бірден бірнеше маңызды мәселені шешуге мүмкіндік береді.

Ең алдымен, қағаз құжаттармен жұмыс барысында кететін қателіктер азаяды. Сонымен қатар мүлікті қабылдау, беру және түгендеу процесі әлдеқайда жылдам орындалады.

Бұған дейін бірнеше сағатқа, кей жағдайда бірнеше күнге созылатын жұмыстар енді санаулы минуттың ішінде аяқталмақ.

Учёт имущества будет электронный: Национальная гвардия продолжает цифровую трансформацию

Ашықтық пен дәлдік артады

Жоба тек есепке алуды автоматтандырумен шектелмейді. Оның негізгі мақсаты – әскери қамтамасыз ету жүйесін барынша ашық әрі тиімді ету.

Цифрлық шешімдердің арқасында:

  • есепке алу дәлдігі артады;
  • ақпаратты өңдеу уақыты қысқарады;
  • адам факторының ықпалы азаяды;
  • әскери қызметшілерді заттай қамтамасыз етудің бірыңғай цифрлық жүйесі қалыптасады.

Учёт имущества будет электронный: Национальная гвардия продолжает цифровую трансформацию

Цифрлық трансформация жалғасады

Ұлттық ұлан соңғы жылдары қызмет сапасын арттыруға бағытталған цифрлық жобаларды кезең-кезеңімен енгізіп келеді.

Әскери мүлікті толық цифрландыру – сол бастамалардың маңызды жалғасы. Жаңа жүйе мемлекеттік мүлікті басқаруды анағұрлым дәл, жылдам және ашық етіп қана қоймай, әскери бөлімдердің күнделікті жұмысын да айтарлықтай жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Осындай өзгерістердің нәтижесінде әскери логистика мен қамтамасыз ету процестері заманауи талаптарға сай жаңарып, басқарудың тиімділігі жаңа деңгейге көтеріледі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Как разместить агитационные материалы политическим партиям на DKNews.kz

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -