S&P «Даму» қорының кредиттік рейтингін «BBB» деңгейіне дейін көтерді

946
Фотосурет: damu.kz

Халықаралық S&P Global Ratings рейтинг агенттігі «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның ұзақ мерзімді кредиттік рейтингін «BBB-» деңгейінен «BBB» деңгейіне, ал қысқа мерзімді кредиттік рейтингін «A-3» деңгейінен «A-2» деңгейіне көтерді. Рейтингтер бойынша болжам «Тұрақты». Сонымен қатар Қордың Қазақстанның ұлттық шкаласы бойынша рейтингі «kzAAA» деңгейінде расталды.

Бұл рейтингтік шешім 2026 жылғы 21 тамызда Қазақстан Республикасының егеменді кредиттік рейтингтерінің «BBB-/A-3» деңгейінен «BBB/A-2» деңгейіне көтерілуінен кейін қабылданды.

S&P Global Ratings «Даму» қорын «Бәйтерек» холдингі компаниялары тобының негізгі ұйымдарының бірі ретінде бағалайды және Қордың Үкіметтің шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған бірқатар стратегиялық бастамаларын іске асырудағы маңызды рөлін атап өтеді.

«Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ-ның 100% акциясы мемлекетке тиесілі. Холдинг «Даму» қорын қоса алғанда, өзінің еншілес ұйымдарының жалғыз акционері болып табылады. S&P Global Ratings «Бәйтерек» холдингінің топтық кредиттік бейінін Қазақстанның ұлттық валютадағы рейтингімен бір деңгейде, яғни «BBB/Тұрақты/A-2» деңгейінде бағалайды. Агенттіктің пікірінше, қаржылық қиындықтар туындаған жағдайда Қазақстан Үкіметі топқа уақтылы әрі жеткілікті қолдау көрсетеді.

«Даму» қорының «Тұрақты» болжамы Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бойынша болжамға сәйкес келеді.

Қазақстанның егеменді кредиттік рейтингігінің көтерілуі ел экономикасының даму перспективаларының тұрақтылығын, экономиканың одан әрі әртараптандырылуын және елеулі сыртқы әрі фискалдық резервтердің бар екенін көрсетеді. S&P бағалауынша, Қазақстан экономикасы сыртқы сын-қатерлерге және әлемдік тауар нарықтарындағы баға құбылмалылығына төтеп бере алады.

Жаңа рейтингтік бағалау «Даму» қорының серіктес банктер алдындағы сенімді кепілгер ретіндегі позициясын нығайтады. Бұл кепілді қамтамасыз ету жеткіліксіз болған жағдайда банктерге кәсіпкерлік жобаларды қаржыландыруға мүмкіндік беретін Қордың 1 және 2 Кепілдік қорларын одан әрі дамыту үшін маңызды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Как разместить агитационные материалы политическим партиям на DKNews.kz

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -