Қазақстанда табиғи апаттан сақтану оңай емес.
Аграрийлер мен тұрғын үй иелері үшін табиғи тәуекелдер жоғары күйінде қалып отыр, алайда спутниктік деректер мен жасанды интеллект қауіп-қатерді қашықтан бағалауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды DKNews.kz.
Яғни мамандардың жерге барып тексеруі, көп құжат жинау және шығынды субъективті бағалау қажеттілігі азаяды.
Freedom Insurance компаниясының басшысы Азамат Керімбаев Астанада өткен халықаралық Space Days Kazakhstan 2026 форумында ғарыштық мониторингтің апатты тәуекелдерді сақтандыру саласын қалай өзгерте алатынын айтты.
Мемлекет 80 пайызын төлейді, бірақ фермерлер асығар емес
Қазақстанның ауыл шаруашылығына жарамды жер қоры өте үлкен. Ел аумағының едәуір бөлігі жайылымға және егін шаруашылығына қолайлы.
Соған қарамастан, сақтандыру көлемі аграрлық сектордың ауқымына сай емес.
Қазақстанда цифрлық агросақтандыру 2020 жылдан бері жұмыс істейді. Тәуекел спутниктік деректер арқылы бағаланады. Бұл ауа райы мен табиғи факторларды автоматты түрде тіркеп, адам факторын азайтуға мүмкіндік береді.
Алғашқы бес жылда цифрлық агросақтандыру шамамен 2 млн гектар жерді қамтыған.
Бұл ретте мемлекет сақтандыру сыйлықақысының 80 пайызын субсидиялайды, ал фермер қалған 20 пайызын ғана төлейді.
Соған қарамастан, бұл құралға сұраныс әлі де төмен.
2025 жылғы құрғақшылыққа қарамастан, Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде бірде-бір аграрий егінін құрғақшылықтан сақтандырмағаны айтылды.
Яғни мемлекет шығынның басым бөлігін субсидиялап, тәуекелді спутник арқылы қашықтан бағалау мүмкіндігі болғанымен, агросақтандыру әлі жаппай қолданылатын құралға айналған жоқ.
Спутник фермерден анықтама сұрамайды
Цифрлық сақтандырудың негізгі артықшылықтарының бірі — сақтандыру жағдайын тіркеу тәртібінің жеңілдеуі.
Бұрын фермер құрғақшылық, артық ылғал немесе басқа табиғи факторлардан келген залалды дәлелдеу үшін көптеген құжат жинауы керек еді.
Сақтандыру компаниялары үшін де тәуекел бар болатын: ұсынылған мәліметтердің дұрыстығын тексеріп, жалған ақпарат немесе манипуляция ықтималдығын анықтау қажет.
Спутниктік мониторинг бұл процесті өзгертеді. Жүйе мәліметті қашықтан алады, ал алгоритмдер топырақтың жағдайын, ауа райын және өсімдіктің даму деңгейін салыстыра алады.
Азамат Керімбаевтың айтуынша, Freedom Insurance агросақтандыруда спутниктік мониторингпен қатар жасанды интеллект пен компьютерлік көру технологияларын да пайдаланады.
«Такие продукты анализируют не только нехватку или избыток воды, но еще и погоду, уровень радиации и другие параметры», — деді Азамат Керімбаев.
Компанияның мәліметінше, оның цифрлық агросақтандыру жүйесі Қазақстанның 12 өңірін қамтиды. Ал жүйе оннан астам ауыл шаруашылығы дақылын 99 пайызға дейінгі ықтималдықпен анықтай алады.
Бұл тәсілді болашақта мал шаруашылығында да қолдануға болады.
Сақтандыру полисі фермерге несие алуға көмектесуі мүмкін
Спутниктік сақтандырудың тағы бір қолдану бағыты бар. Ол тек шығынды өтеумен шектелмейді.
Көптеген фермер банк несиесін алу кезінде кепіл мүліктің жеткіліксіздігіне тап болады.
Егер егістіктің жағдайы мен тәуекел деңгейі тәуелсіз цифрлық деректермен расталса, сақтандыру шарты қосымша қамтамасыз ету құралы ретінде пайдаланылуы мүмкін.
«Этот инструмент позволяет в большем объеме получать фермерам финансирование в том числе из частного сектора», — деді Керімбаев.
Демек, ғарыштық мониторингті егістікті бағалау, сақтандыру және қаржыландыру мәселелерінде қатар қолдануға болады.
Қазақстандағы тұрғын үйлердің 60 пайыздан астамы талапқа сай емес
Мәселе тек ауыл шаруашылығына қатысты емес.
Керімбаевтың айтуынша, Қазақстандағы пәтерлер мен жеке үйлердің 60 пайыздан астамы сақтандыру компанияларының талаптарына сәйкес келмейді.
Ол бұған тұрғын үйлердің қандай материалдан салынғанын, жылыту тәсілдерін және инфрақұрылым жағдайын жатқызды.
Сақтандыру компаниясы үшін бұл ықтимал шығын көлемінің өсуін білдіреді. Егер белгілі бір нысанның тәуекелін дәл бағалау мүмкін болмаса, оны сақтандыру экономикалық тұрғыдан тиімсіз болуы мүмкін.
Екінші мәселе — халықтың сақтандыруға деген сұранысының төмендігі.
«Два-три года назад были массовые паводки, и тогда встал вопрос о страховании жилья. Мы выяснили, что в пострадавших регионах менее пяти домов были застрахованы, и то в рамках залогового кредитования», — деді Азамат Керімбаев.
Бұл көрсеткіш табиғи апат қаупі мен нақты сақтандыру деңгейінің арасында үлкен алшақтық барын көрсетеді.
Ірі төтенше жағдай болған кезде қаржылық шығынның негізгі бөлігі тұрғындардың өзіне немесе мемлекетке түседі.
Спутник тасқын судың қай бағытқа тарайтынын анықтай алады
Спутниктік деректер сақтандыру жағдайы болғаннан кейін ғана қажет емес.
Керімбаевтың айтуынша, технология тасқын судың қай бағытқа таралатынын модельдеп, қауіп төнетін аумақтарды алдын ала анықтауға мүмкіндік береді.
«На сегодняшний день мы умеем определять направление паводков, т.е. как вода будет растекаться, какие районы она пойдет, какие районы она не пойдет. Исходя из этого принимать решение о страховании этих объектов», — деді сақтандыру компаниясының басшысы.
Мұндай технологияның практикалық маңызы сақтандыру тарифін есептеумен шектелмейді.
Судың қозғалысы неғұрлым дәл болжанса, инфрақұрылымның осал учаскелерін анықтау және су ресурстарын басқару шараларын жоспарлау да соғұрлым нақты болады.
Сақтандыру компаниялары үшін бұл аса қауіпті аумақтарды тәуекелі төмен аудандардан ажыратып, әр нысанды жеке бағалауға мүмкіндік береді.
Спутниктік деректерді мемлекеттік базалармен біріктіру ұсынылды
Азамат Керімбаев жүйені дамытудың бір жолы ретінде мемлекеттік-жекешелік әріптестікті атады.
Мұндай модельде жеке бизнес су ресурстарын басқаруға арналған инфрақұрылымды құру шығындарының бір бөлігін өз мойнына ала алады. Себебі табиғи тәуекел азайса, сақтандыру компанияларының ықтимал шығыны да төмендейді.
Келесі қадам — ғарыштық мониторингті мемлекеттік цифрлық сервистермен, аграрлық ақпараттық жүйелермен және жылжымайтын мүлік туралы деректермен біріктіру.
Сақтандыру компаниялары нақты әрі толық дерекке қол жеткізсе, тұтас аудан бойынша орташа тәуекелді есептеудің орнына әр нысанды жеке бағалай алады.
Мемлекет үшін бұл табиғи апаттардың қаржылық салмағының бір бөлігін жеке сақтандыру нарығына беруге мүмкіндік береді.
Ал сақтандыру нарығындағы басты мәселе технологияның құрғақшылықты немесе тасқынды анықтай алуында емес. Мұндай құралдар қазірдің өзінде бар.
Негізгі мәселе — оның ауқымында: мемлекет сақтандыру сыйлықақысының 80 пайызын субсидиялағанына қарамастан, бес жылда цифрлық агросақтандыру небәрі 2 млн гектар аумақты қамтыған.