18 келісім және 40 ел: Қазақстан қорғаныс саласындағы байланысын қалай дамытып жатыр

616
Анастасия Ким Редактор
Фотосурет: Gov

Қазақстан армиясы техникалық әлеуетін күшейтіп жатыр.

Қарулы күштер отандық өндірісті дамыту, қолданыстағы техниканы жаңғырту және 40-тан астам мемлекетпен әскери-техникалық ынтымақтастық орнату бағыттарын қатар алып келеді, деп хабарлайды DKNews.kz.

10 қыркүйекте Қазақстан Қарулы күштерінің әскери-техникалық саясат саласының мамандары кәсіби күнін атап өтеді. Бұл дата 2009 жылы Қорғаныс министрлігінің құрылымында Әскери-техникалық саясат департаментінің құрылған күнімен байланысты.

Сегодня – День специалистов в области военно-технической политики

Қазақстан отандық қорғаныс өнеркәсібіне басымдық береді

Әскери-техникалық саясаттың негізгі бағыттарының бірі — отандық қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту.

Мемлекеттік қорғаныс тапсырысын қалыптастыру кезінде қазақстандық кәсіпорындардың мүмкіндігі, өндірісті жергіліктендіру перспективасы және жаңа технологияларды игеру әлеуеті ескеріледі.

Еліміздегі қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындары қару-жарақ пен әскери техниканың жекелеген түрлерін, радиобайланыс жүйелері мен автоматтандырылған кешендерді шығарады.

Әскерге броньды дөңгелекті машиналар, Қазақстанда құрастырылған ұшқышсыз ұшу аппараттары және заманауи байланыс құралдары жеткізіліп жатыр.

Сонымен қатар қолданыстағы әскери техника жаңғыртылуда. Бұл жаңа үлгілерді сатып алумен қатар, армия иелігіндегі техниканың мүмкіндігін сақтауға және жетілдіруге жол ашады.

Сегодня – День специалистов в области военно-технической политики

Әскери мамандар әлемдік қару-жарақ нарығын зерттейді

Бұл сала мамандарының жұмысы тек техника сатып алумен шектелмейді.

Олар әлемдік қару-жарақ пен әскери техника нарығын талдайды, жаңа әскери технологияларды зерделейді және оларды Қарулы күштердің қажеттілігі мен мемлекеттің ресурстарына сай қолдану мүмкіндігін бағалайды.

Осы талдау негізінде армияны техникалық тұрғыдан одан әрі дамыту, әскерді заманауи қару-жарақ және әскери техникамен жарақтандыру, сондай-ақ жеткізу көздерін әртараптандыру жөнінде ұсыныстар әзірленеді.

Қазақстан үшін бұл армияны жаңарту бір ғана бағытпен шектелмейтінін білдіреді. Мұнда отандық өндіріс, импорт, технологияларды жергіліктендіру және қолданыстағы техниканы жаңғырту қатар қарастырылады.

Сегодня – День специалистов в области военно-технической политики

18 елмен екіжақты келісімдер бар

Жұмыстың жеке бағыты — халықаралық әскери-техникалық ынтымақтастық.

Қазақстан бұл салада 40-тан астам мемлекетпен және бейінді халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды. 18 елмен екіжақты шарттар мен келісімдер қолданыста.

Халықаралық комиссиялар мен жұмыс топтары тәжірибе алмасуға, заманауи технологиялық шешімдерді зерделеуге және бірлескен жобаларды пысықтауға мүмкіндік береді.

Мұндай ынтымақтастық Қазақстанға түрлі технологиялық шешімдерді зерттеуге және жеткізу көздерін әртараптандыруға мүмкіндік береді. Бұл бағыт отандық қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту саясатымен қатар жүргізіледі.

Сегодня – День специалистов в области военно-технической политики

Дрондардан заманауи байланыс жүйелеріне дейін

Әскери-техникалық саясат қару-жарақ, әскери техника, байланыс жүйелері, ұшқышсыз аппараттар, жаңғырту және халықаралық ынтымақтастық сияқты бірнеше бағытты біріктіреді.

Қандай техниканы сатып алу, нені Қазақстанда өндіру және қандай технологияларды игеру керектігі жөніндегі ұсыныстарды осы саладағы бейінді мамандар әзірлейді.

2009 жылғы 10 қыркүйекте Қорғаныс министрлігі құрылымында Әскери-техникалық саясат департаменті құрылған. Бүгінде бұл бағыт армияның техникалық жарақтандырылуын қазақстандық өнеркәсіптің мүмкіндігімен және 40-тан астам мемлекетпен ынтымақтастықпен байланыстырып отыр.

Сегодня – День специалистов в области военно-технической политики

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Как разместить агитационные материалы политическим партиям на DKNews.kz

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -