Қытай Жерді бақылауға арналған жаңа жерсеріктерді орбитаға шығарды

609
Фотосурет: Синьхуа

Қытай табиғи ресурстарды, ауыл шаруашылығын бақылауға және табиғи апаттардың алдын алуға арналған Жерді қашықтан зондтау жерсеріктерінің екі тобын сәтті ұшырды.

Ұшыру 24 қазанда Бейжің уақытымен сағат 03:25-те Қытайдың солтүстік-батысындағы Цзюцюань ғарыш айлағынан жүзеге асырылды. «Чанчжэн-4Б» («Ұлы жорық-4Б») зымыран-тасығышы «Яогань-53» (07–09) және «Яогань-56» (19–21) топтарының жерсеріктерін белгіленген орбиталарға шығарды.

Ғарыш аппараттары ғылыми зерттеулер жүргізуге, жер және табиғи ресурстарды зерттеуге, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін бағалауға, сондай-ақ табиғи апаттардың алдын алуға және олардың салдарын азайтуға пайдаланылатын болады.

Бұл ұшыру Қытайдың «Чанчжэн» сериялы зымыран-тасығыштары тарихындағы 673-ші ұшыру болды.

Xinhua Silk Road - Belt and Road Portal, China

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -