«Томирис»: Астанада тұңғыш төл ұлттық балет сахналанды

854
Мәдина Есенова Редактор
Фотосурет: Gov

Астанада «Томирис» балетінің әлемдік премьерасы өтті. «Астана Опера» театрының шығармашылық ұжымы алғаш рет өз сахнасына арнайы екі актілі толыққанды ұлттық балет дайындады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің хабарлауынша, ауқымды қойылым еліміз Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай министрліктің қолдауымен әзірленген.

Люди в роскошном светлом холле с колоннами и люстрой на премьере фильма «Томирис».

Массагеттер патшайымының тарихы балет сахнасында жаңғырды

Қойылымның басты кейіпкері — ерлік пен қайсарлықтың, азаттық пен туған жерге адалдықтың символына айналған аңызға айналған Томирис патшайым. Шығармашылық ұжым оның тағдыры мен өміріндегі драмалық оқиғалар арқылы Ұлы дала тарихын және Қазақстанның мәдени мұрасын көрерменге жеткізеді.

Қойылымның басты ерекшелігі — музыкасы мен хореографиясының арнайы жазылып, әзірленуі. Балеттің музыкасын Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Хамит Шанғалиев жазды. Хореограф-қоюшы — Сұлтанбек Ғұмар, либретто авторы — Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ермек Аманшаев.

Осындай ауқымды төл туындының дүниеге келуі театрдың әлемдік балет классикасымен қатар өзіндік ұлттық репертуарын қалыптастыруына ықпал етеді.

Сцена из балета: танцоры в исторических костюмах в драматической позе, мужчина держит меч, на заднем плане группа людей.

Қазақ биі, жапон сценографиясы және сақ дәуірінің эстетикасы

Спектакльде классикалық балет мектебі, қазақ биінің элементтері, ұлттық музыкалық сарындар мен заманауи хореография үйлесім тапқан.

Сахналық безендіру мен жарық шешімінің тұжырымдамасын жапон сценографы Йоко Сеяма әзірледі. Костюмдердің авторы Дариға Тайшықова сақ дәуірінің көркемдік дәстүрлерінен шабыт алған.

Ұлттық музыка, би қимылдары мен тарихи бейнелер арқылы көне дәуір оқиғалары заманауи сахна өнерінің тілімен баяндалды.

Два больших флага с золотыми грифонами — синий и бордовый — в богато украшенном интерьере зала.

Әлемдік премьераға халықаралық деңгейдегі қонақтар қатысты

Спектакльді Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев, туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Эстонияның мәдениет министрі Хейди Пурга, Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) президенті Витольд Банька және ұйымның бас директоры Оливер Ниггли тамашалады.

Выставка портретов актеров в фойе театра перед премьерой фильма «Tomys» в Astana Opera.

Премьера қонақтарының қатарында шетелдік театр және музыка қайраткерлері, Халықаралық олимпиада және паралимпиада комитеттерінің өкілдері, дипломатиялық корпус мүшелері мен Құрылтай депутаттары да болды.

Спектакль аяқталғаннан кейін Арман Қырықбаев театрдың шығармашылық ұжымымен кездесіп, премьерамен құттықтады және қойылымды әзірлеуге атсалысқан мамандарға алғыс білдірді. Министр ұлттық мәдени мұраның байлығын танытатын төл шығармалар жасаудың маңыздылығына тоқталды.

Группа людей в деловых костюмах аплодирует в торжественном зале.

«Томирис» премьерасымен «Астана Опера» театрының репертуары Ұлы дала тарихына негізделген ауқымды төл балетпен толықты.

Бұған дейін біз «Астана Опера» театрының XIV маусымының ашылуы және жаңа қойылымдары туралы жазған едік. Сол маусымның басты премьераларының бірі ретінде «Томирис» балеті таныстырылған болатын.

Большая группа артистов в театральных костюмах позирует на сцене в роскошном оперном театре с ярусами лож.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -