Нұр-Сұлтан қаласы прокуратурасының үйлестіруімен қала аумағында уақытша шектеу кезінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ медициналық дәрі-дәрмектерді, бетперделерді және басқа да тауарларды заңсыз сату фактілерін алдын алу және жою үшін мобильдік топтар құрылды (прокуратура, полиция және мемлекеттік кіріс қызметкерлерінен тұратын).
«Бүгінгі күні аталған топтармен «olx, satu.kz және т.б.» сайттарында жарнамалар жариялау арқылы және басқа да жолдармен 5000-нан астам медициналық, респираторлық бетперделер мен 1200 литрден жоғары антисептикалық құралдар жоғары бағамен сату бойынша 15 фактісі анықталды. Одан басқа, рейдтік іс-шаралармен төтенше жағдайдың бұзылуы (жұмыс тәртібін сақтамауы) бойынша 48 факті анықталды. Анықталған бұзушылықтар бойынша әкімшілік істер қозғалды, алынған заттар сот жүзінде тәркіленетін болады. Осы бағытта жұмыстар жалғасуда», деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасы.