Қытайда ағымдағы жылдың алғашқы тоғыз айында қалалық аудандарда 10,01 млн жұмыс орны ашылды, деп көрсетеді бейсенбі күні жарияланған ресми деректер.
Қытайдың Адам ресурстары және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігінің мәліметінше, қазіргі жұмыспен қамту проблемаларына қарамастан, жалпы жұмыспен қамту жағдайы тұрақты болып отыр.
Қаңтар мен қыркүйек аралығында жұмыс табуда қиындықтарға тап болған 1,32 млн адам жұмысқа орналасса, 3,87 млн жұмыссыз жаңа жұмыс орындарын тапты.
Министрліктің мәліметінше, осы кезеңде Қытай жұмыспен қамтуға жалпы сомасы 72,7 млрд юань субсидия берген.
Бүкіл ел бойынша адам ресурстары мен әлеуметтік қамсыздандыру бөлімдері тағылымдамадан өту үшін 1,02 млн орын құра отырып, жұмыс іздеушілерге қызмет көрсету науқандарын бастады, делінген хабарламада.