Көгал шабудың ауырлығына жиі шағымданатын бағбандар мен үй иелеріне Қытайда жасалған робот көмектесе алады.
Робот техникасымен айналысатын қытайлық ECOVACS сервистік компаниясы әзірлеген робот шөп шабу машинасы 30 минуттан аз уақыт ішінде көгалдар мен оның шекараларын автоматты түрде картаға түсіріп, күніне 600 шаршы метр көгалдағы шөп шаба алады. 2023 жылдың басында Қытай мен Еуропа нарығына шығатын жаңа өнім еден жуу сияқты дәстүрлі тұрмыстық қызметтер аясынан асып түсетін компанияның батыл қадамын білдіреді.
Елдегі көптеген қонақүйлерде роботтар көмегімен азық-түлік тапсырыстарын есік алдына дейін жеткізуге болады. Кейбір ауруханаларда роботтар науқастарға жол көрсете алады. Қытайдың солтүстік-шығысында шаңғы роботтары спортшыларды үйрету үшін қолданылған. Қытайдың оңтүстігіндегі Гуанчжоу қаласындағы мектепте оқушылармен араласу үшін қытай шахматын ойнауға және үйретуге қабілетті робот орнатылды.
Сервистік роботтар қоғамдық тамақтандыру, бөлшек сауда, логистика, медициналық оңалту және басқа салаларда әлеуметтік қызметтер деңгейін үнемі жетілдіріп отырады.
Өткен жылы Қытайда сервистік роботтардың өндірісі 9,214 млн данаға жетті, бұл 2020 жылмен салыстырғанда шамамен 49% жоғары.