Қытайдың негізгі капиталға инвестициясы 2023 жылдың алғашқы төрт айында жылдық есептеуде 4,7 пайызға өсті. Бұған Қытайдың Ұлттық статистика бюросының деректері дәлел.
Бюроның мәліметі бойынша, қаңтар-сәуір аралығында негізгі капиталға инвестиция көлемі 14,75 трлн юань (2,12 трлн АҚШ доллары) болды. Жеке сектордың негізгі капиталына инвестициялары алғашқы төрт айда жылдық есептеуде 0,4 пайызға өсті.
Өнеркәсіптік инвестиция жылдық есептеуде 8,3 пайызға өсті. Жалпы көлемдегі инвестиция тау-кен өндіру өнеркәсібінде 2,2 пайызға азайса, өңдеу өнеркәсібінде 6,4 пайызға өсті. Электрмен жабдықтау, жылу, газ және суға салынған инвестиция 24,4 пайызға өсті.
Инфрақұрылым құрылысына салынған инвестиция жылдық есептеуде 8,5%-ға өсті. Жалпы көлемдегі инвестиция теміржол көлігіне 14 пайызға, су шаруашылығына 10,7 пайызға өсті.
Аймақтарға келетін болсақ, Қытайдың солтүстік-шығысында инвестиция 9,8%, шығыс Қытайда 6,2% және батыс Қытайда 3,2% өсті, бірақ орталық Қытайда 1,3% төмендеді.