Қытайдың шығысындағы Шанхайда 7-ші Қытай халықаралық импорт ЭКСПО көрмесі (CIIE), әлемдегі бірінші ұлттық деңгейдегі импорт көрмесі ашылды.
ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Цян ЭКСПО көрмесі мен «Хунцяо» халықаралық экономикалық форумының ашылу рәсімінде бағдарламалық сөз сөйледі.
5-10 қараша аралығында өтетін 7-ші CIIE көрмесіне әлемнің 129 елінен және аймағынан 3496 экспонент жиналды. Бұл көрмеге Fortune Global 500 тізімінен барлығы 297 компаниясы мен сала көшбасшылары қатысып, бұрынғы ұқсас шаралардан асып түсті.
CIIE-де 400-ден астам жаңа өнімдер, жаңа технологиялар және жаңа қызметтер көрсетіледі, сарапшылардың пікірінше, бұл жаһандық компаниялардың Қытай нарығына сенімінің күшті белгісі және жаһандық экономиканың баяу қалпына келуіне қарамастан Қытайдағы әрі қарай дамуға деген ұмтылысының белгісі.