Қытай электр энергиясын өндіруге арналған пайдаланылатын, салынып жатқан және салуға ресми түрде бекітілген ядролық энергия блоктарының жалпы қуаты бойынша әлемдегі барлық елдер арасында бірінші орында тұр. Бұл туралы Қытайдың энергетикалық зерттеулер қоғамы хабарлады.
Қазіргі уақытта Қытайда жалпы қуаттылығы 58,08 млн киловатт болатын ядролық энергия блоктары іске қосылды, ал салынып жатқан және құрылысына ресми түрде бекітілген ядролық энергия блоктарының жалпы қуаты 55,05 млн киловатт құрайды. Бұл көрсеткіштер бойынша Қытай әлемде көш бастап тұр, деді жоғарыда аталған қоғамның президенті Ши Юйбо 11-13 қарашада Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясының Шэньчжэнь қаласында өткен ядролық энергетиканы жоғары сапалы дамыту жөніндегі 3-ші Қытай конференциясы барысында.
ҚХР Мемлекеттік энергетика басқармасының бас инспекторы Хуан Сюэнунның айтуынша, 2023 жылы Қытайда экологиялық таза энергетикалық ресурстарды пайдалана отырып, шамамен 3,1 трлн кВт/сағ электр энергиясы өндірілген, оның ішінде 430 млрд кВт/сағ. немесе 13 пайыздан астамы ядролық энергияны құрайды.
Осы жылы Қытайдың жоғары сапалы ядролық энергетиканы дамыту конференциясын Қытайдың энергетикалық зерттеулер қоғамы мен China General Nuclear Power Group ұйымдастырды. Конференция ядролық энергетика саласындағы Шэньчжэнь халықаралық инновациялық жәрмеңкесімен қатар өтті.