Шэньси экономикалық шеңбер құруды мақсат етеді

7293
Фотосурет: Синьхуа

Қытайдың солтүстік-батысындағы Шэньси провинциясы 2025 жылы Қытай-Еуропа халықаралық теміржол тасымалына негізделген экономикалық шеңбер құруға ұмтылады, деп хабарлады провинцияның Халық өкілдері жиналысы жыл сайынғы сессиясында.

Ресми деректерге сәйкес, 2024 жылы Шэньси провинциясынан және кері бағыттағы Қытай-Еуропа маршруттарында қатынаған жүк пойыздары барлығы 524 000 стандартты контейнер (жиырма фут эквивалентті бірлік, TEU) тасымалдады, бұл   бір жыл бұрынғыдан 21,9 пайызға көп.

Атап айтқанда, сол жылы Сиань /Шэньси провинциясының әкімшілік орталығы/ халықаралық порт станциясында қазақстандық көлік-логистикалық терминалды пайдалануға беру   Қытай-Еуропа бағытындағы пойыздарды Сианьнан Орталық Азияға тасымалдаудың тиімділігін айтарлықтай арттырды.

Деректер көрсеткендей, өткен жылы Шэньси провинциясының жалпы сыртқы сауда айналымы жылдық есептеуде 12,3 пайызға өсті, оның ішінде Орталық Азияның бес елімен – 48,1 пайызға.  Сонымен бірге, провинция билігі тауарлар мен қызметтер саудасын, цифрлық сауданы дамытып, негізгі тауарлар саудасы орталықтарын мен шетел қоймаларын белсенді түрде орналастырып, келешекте Орталық Азия, Батыс Азия және Ресей нарықтарын игеруге ниетті, делінген баяндамада.

Xinhua Silk Road - Belt and Road Portal, China

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -