27-29 мамыр аралығында өткен Шанхай халықаралық туристік жәрмеңкесі 80-нен астам ел мен аймақтан 700-ден астам экспонентті жинады. Бұл Азиядағы ең ірі туристік оқиғалардың бірі. Шанхайдағы жәрмеңкеге 80-нен астам ел мен аймақтан мыңнан астам экспонент пен 600 туристік агенттік қатысуда. Көрмені Қытайдың Мәдениет және туризм министрлігі ұйымдастырды, деп хабарлайды Xinhua.
53 000 шаршы метрлік көрме алаңы мәдениет пен туризмге, туризм саласындағы технологияларға, туристік қызметтерге және т.б. арналған 6 тақырыптық аймақты қамтиды. Биылғы шараның ерекшеліктерінің бірі – келушілер Қытайдың мәдени мұрасымен таныса алатын «Саньсиндуйге оралу: ежелгі Шу патшалығына фантастикалық саяхат» виртуалды көрмесі.
Шанхай туристік жәрмеңкесі алғаш рет 1998 жылы өтті және 2001 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді. Осы уақыт ішінде ол Азиядағы ең ірі туристік индустрия оқиғасына айналды. Ұйымдастырушылар биылғы шара тек туризмді ғана емес, сонымен қатар соған байланысты технологияларды, соның ішінде виртуалды технологияларды да дамытуға септігін тигізетініне сенімді.