Қытай Наньчан – Баку бағытындағы жүк тасымалдайтын жаңа теміржол бағытын іске қосты

1320
Фотосурет: Синьхуа

Қытай Шығыс Қытайдағы Цзянси провинциясының әкімшілік орталығы Наньчан қаласын Әзербайжан астанасы Бакумен Транскаспий халықаралық көлік дәлізі (ТХКД) арқылы байланыстыратын жаңа жүк теміржол бағытын іске қосты, деп хабарлайды Xinhua.

Аталған бағыт бойынша алғашқы пойыз дүйсенбі күні Наньчан халықаралық құрлық портының терминалынан жолға шықты. Ол Баку портына мәрмәр бұйымдарын, мақта маталарын, тұсқағаздар мен өзге де тауарларды жеткізеді. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, пойыз Қорғас өткізу бекеті арқылы мемлекеттік шекарадан өтіп, Қазақстан аумағы арқылы жүріп, одан әрі Каспий теңізі арқылы Әзербайжанға жөнелтіледі.

ТХКД-ны пайдалану арқылы іске қосылған жаңа жүк тасымалы бағыты бұрынғы 50 күндік жеткізу мерзімін 18 тәулікке дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Бұл Суэц каналы мен Қызыл теңіз аймағын айналып өтуді қажет етпейді, ұзақ қашықтықтағы теңіз тасымалдары кезінде болатын жүктердің бүліну қаупін және бірнеше мәрте қайта тиеуге кететін шығындарды азайтады. Сонымен қатар, Наньчан қаласының теміржол логистика қызметтері орталығының мәліметінше, жаңа бағыт экспорттаушылардың логистикалық шығындарын орта есеппен 15–20 пайызға дейін қысқартуға жол ашады. Жоспарға сәйкес, жаңа маршрут арқылы Бакуге жеткізілген жүк ТХКД аясындағы халықаралық мультимодальды тасымалдардың негізгі тораптарының бірі ретінде Түркияға және өзге де елдер мен аймақтарға әрі қарай жөнелтілуі мүмкін.

Теміржол ведомствосының хабарлауынша, қазіргі таңда Цзянси провинциясында «Қытай – Еуропа» және «Қытай – Орталық Азия» бағыттары бойынша халықаралық жүк тасымалын жүзеге асыратын 13 маршрут жұмыс істейді. Олар әлемнің 200-ден астам елі мен аймағын қамтып, 500-ден астам сыртқы сауда компаниясына қызмет көрсетеді.

Xinhua Silk Road - Belt and Road Portal, China

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -