Цзянсу провинциясының сыртқы сауда айналымы жоғары деңгейге жетті

935
Фотосурет: Синьхуа

2025 жылдың қорытындысы бойынша Қытайдың шығысындағы Цзянсу провинциясының экспорт пен импорттың жиынтық көлемі 5,95 трлн юаньға (шамамен 855,7 млрд АҚШ доллары) жетіп, жылдық есеппен 6 пайызға артты, деп хабарлайды Xinhua.

Сонымен қатар, «Бір белдеу, бір жол» бастамасына қатысушы елдердің үлесі алғаш рет осы экономикалық қуатты провинцияның жалпы сыртқы сауда айналымының 50 пайызынан асты. Бұл деректер ҚХР Халық өкілдері жиналысының 14-шақырылымының 5-сессиясында жарияланған Цзянсу провинциясы үкіметінің есептік баяндамасында келтірілді.

Баяндамаға сәйкес, 14-бесжылдық кезеңде (2021–2025 жж.) Цзянсу провинциясы экспорт пен импорт көлемі бойынша Қытайда тұрақты түрде екінші орында тұрды. Ал нақты тартылған шетелдік инвестициялар көлемі жөнінен провинция ел ішінде сегіз жыл қатарынан бірінші орынды иеленіп келеді.

Аталған кезеңде Цзянсу провинциясынан «Қытай – Еуропа» және «Қытай – Орталық Азия» бағыттары бойынша халықаралық жүк теміржол пойыздарының жалпы жөнелтілім саны 10 мыңнан асты. Сондай-ақ сыртқы сауданы әртараптандыруды кеңейту шаралары аясында 2025 жылы «Цзянсу – Орталық Азия» орталығы «Қытай – Орталық Азия» форматындағы кедергісіз сауда жөніндегі ынтымақтастық платформасына қайта бейімделгені атап өтілді.

Ал алдағы жылға арналған реформаларды тереңдету және ашықтықты кеңейту жоспарына келсек, баяндамада Цзянсу провинциясының «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясындағы маңызды тоғысушы түйіндердің бірі ретіндегі артықшылықтарын одан әрі ашу, аталған платформаның жұмысын жоғары деңгейде жолға қою, шетел аумағында ынтымақтастық индустриялық парктерін жедел құру, сондай-ақ «Қытай – Еуропа» және «Қытай – Орталық Азия» көлік бағыттарының желісін кеңейту ниеті көзделген.

Xinhua Silk Road - Belt and Road Portal, China

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -