ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Цян жасанды интеллектіні (ЖИ) ғылыми-техникалық инновациялармен, өнеркәсіптік дамумен және кеңінен қолданумен барлық әкімшілік деңгейде ұштастыруға шақырды, деп хабарлайды Xinhua.
Ол бұл мәлімдемені Мемлекеттік кеңестің ЖИ дамуына арналған ұжымдық оқу отырысында жасады.
Премьердің айтуынша, Қытай ЖИ дамуының үрдістерін терең түсініп, өндірістік тізбек бойынша серпілістерге қол жеткізіп, оны түрлі салаларда кеңінен енгізуі тиіс.
Ол жаңа технологиялар бойынша ұзақмерзімді стратегиялар әзірлеуді, оларды ауқымды әрі коммерциялық тұрғыда қолдануды, үлкен деректерден бастап есептеу қуаты мен энергиямен қамтамасыз етуге дейінгі негізгі ресурстарды тиімді үйлестіруді тапсырды.
Сондай-ақ халықаралық технологиялық алмасуды кеңейту, заңнаманы жетілдіру және этикалық нормаларды нығайту қажеттігі атап өтілді.