Қытай 13 ақпаннан бастап Еуроодақтан импортталатын сүт өнімдеріне бес жыл мерзімге өтемақы баждарын енгізеді, деп хабарлайды Xinhua.
Антисубсидиялық тергеу қорытындысы бойынша кейбір компаниялар үшін баж мөлшерлемесі 7,4–11,7 пайыз аралығында белгіленді. Тергеу Қытай заңдары мен ДСҰ ережелеріне сай жүргізілді.
Министрлік ЕО-дан импортталатын сүт өнімдеріне субсидия берілгенін және бұл отандық салаға елеулі зиян келтіргенін мәлімдеді.