Қытай мен АҚШ екіжақты сауда-экономикалық консультациялар механизмі арқылы түрлі деңгейде байланыс орнатып отыр. Бұл туралы ҚХР Сауда министрлігінің ресми өкілі Хэ Ядун мәлімдеді, деп хабарлайды Xinhua.
Тараптар мемлекет басшылары арасында қол жеткізілген келісімдердің орындалуы мен сауда-экономикалық мәселелер бойынша пікір алмасқан.
Қытай теңдік, өзара құрмет және өзара тиімділік қағидаттарына негізделген диалогты жалғастыруға дайын екенін мәлімдеді. Мақсат — екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың тұрақты әрі болжамды дамуын қамтамасыз ету.