«Чанчжэн-10» зымыран тасығышының бірінші сатысы теңіз акваториясынан сәтті шығарылды, деп хабарлайды Xinhua.
Бұл операция Қытайдың теңізден зымыранның бірінші сатысын іздеу және қайтарып алу жөніндегі алғашқы миссиясының табысты аяқталғанын білдіреді. Сарапшылар мұны ғарыш инфрақұрылымын жетілдіру мен технологиялық мүмкіндіктерді кеңейту бағытындағы маңызды қадам ретінде бағалап отыр.