Қытайдың Чунцин қаласында интеллектуалды жүргізу жүйелеріне арналған жаңа интеграцияланған зертхана іске қосылды, деп хабарлайды Xinhua.
Зертхана нақты көліктерді, динамикалық жол қозғалысын және климаттық жағдайларды бір мезетте модельдей алады.
Аумағы 5000 шаршы метрден асатын бұл нысан — көлік басқаруын, жауын-шашын, тұман, жарық жағдайларын және күрделі көлік ағындарын толық цикл бойынша модельдейтін әлемдегі алғашқы сынақ полигоны.
Зертхана интеллектуалды жүргізу жүйесі бар автокөліктерді сериялық өндіріске шығар алдында қауіпсіздік тұрғысынан кешенді тексеруге мүмкіндік береді. Мұнда экстремалды және шынайы сценарийлер қамтылады.
Жоба зияткерлік сүйреу жүйесін де әзірлеген. Ол 130 км/сағ жылдамдыққа дейін сүйреуге мүмкіндік береді, бұл салалық стандарттан жоғары. Сонымен қатар ауа райының динамикалық өзгерістерін модельдейтін реттелетін экожүйе орнатылған.
Қытай билігі кемінде 20 қаланы «автокөлік–жол–бұлт» интеграциясы бойынша пилоттық аймақ ретінде анықтаған.