Сиань жоғары сапалы экономикалық белдеу қалыптастыруға ұмтылуда

1342
Фотосурет: Xinhua

Қытайдың солтүстік-батысындағы Шэньси провинциясының әкімшілік орталығы Сиань қаласы 2026 жылы «Қытай–Еуропа/Орталық Азия» халықаралық теміржол жүк тасымалдарын қарқынды дамыту арқылы жоғары сапалы экономикалық белдеу қалыптастыруға басымдық беруді жоспарлап отыр.

Бұл туралы 17-шақырылымдағы қалалық Халық өкілдері жиналысының 7-сессиясында мәлім болды, деп хабарлайды Xinhua.

Алға қойылған мақсатты жүзеге асыру үшін Сианьнан шығатын «Қытай–Еуропа» бағытындағы жүк тасымалдарының сапалы дамуын қолдайтын жаңа бастамалар пакеті әзірленеді. Оның ішінде кеден, теміржол және порт қызметтерінің деректер жүйелерін өзара байланыстыруды күшейту, деректерді ортақ пайдалану аясын кеңейту, сондай-ақ Сианьның Қытайдың Жаңа батыс құрлық-теңіз дәлізіне қатысушы қала ретіндегі мүмкіндіктерін толық ашу қарастырылған.

Өткен жылы Сиань Транскаспий халықаралық көлік бағытының (ТХКБ) тиімділігін арттыруда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. Бағыт бойындағы елдердің үкіметтерімен, теміржол және порт құрылымдарымен үйлесімді жұмыс жүргізілді. Қытай мен Қазақстанның бірлескен жобасы аясында Сиань құрғақ портында Қазақстанның логистикалық орталығы салынып, пайдалануға берілді. Сондай-ақ қаладан «Қытай–Орталық Азия» арнайы туристік пойызы алғаш рет жолға шықты.

2025 жылы Сиань қаласынан «Қытай–Еуропа» және «Қытай–Орталық Азия» бағыттары бойынша 6 037 жүк пойызы жөнелтілді, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 21,1 пайызға көп. Өткен жылдың қорытындысы бойынша қаланың жалпы импорт-экспорт көлемі 498,79 млрд юаньға (шамамен 72 млрд АҚШ доллары) жетіп, жылдық өсім 21,1 пайызды құрады. «Жаңа үштік» тауарлары — электрлі көліктер, литий батареялары және күн панельдері экспорты тиісінше 31,4 және 30,1 пайызға артты. Сианьнан Орталық Азияның бес еліне және АСЕАН мемлекеттеріне экспорт көлемі сәйкесінше 19,8 және 21,8 пайызға өсті.

2026 жылы Сиань еркін сауда аймақтары, кешенді бонд аймақтары және трансшекаралық электрондық сауда пилоттық аймақтары бойынша институционалдық реформаларды тереңдетуді көздейді. Сонымен қатар сауда қызметтерін инновациялық дамыту жөніндегі ұлттық демонстрациялық аймақ құру жоспарланған.

Xinhua Silk Road - Belt and Road Portal, China

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -