2026 жылы Қытай телекоммуникациялық және интернет алаяқтықпен күресті күшейтеді, деп хабарлайды Xinhua.
Бұл туралы Бейжіңде өтіп жатқан Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының 14-шақырылымының 4-сессиясында ұсынылған Қытай Жоғарғы халық прокуратурасының жұмысы жөніндегі баяндамада айтылды.
Баяндамаға сәйкес, өткен жылы шамамен 69 мың адам телекоммуникациялық және интернет алаяқтыққа байланысты қылмыстар жасады деген күдікпен айыпталды.
2025 жылы Қытай трансшекаралық телекоммуникациялық алаяқтыққа қарсы қатаң шаралар қабылдады. Атап айтқанда, Мьянманың солтүстігінде орналасқан қылмыстық топтардың құрамындағы 285 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Олар алаяқтық, қасақана кісі өлтіру және Қытай азаматтарына қасақана ауыр дене жарақатын келтіру сияқты қылмыстар бойынша айыпталды.