Қытай орбитаға екі жаңа эксперименттік спутникті сәтті ұшырды

1188

Қытай жұма күні Сычуань провинциясындағы Сичан ғарыш айлағынан екі жаңа эксперименттік спутникті сәтті ұшырды, деп хабарлайды Xinhua.

«Шиянь-30 03» және «Шиянь-30 04» спутниктері Бейжің уақыты бойынша сағат 06:33-те «Чанчжэн-2D» («Ұлы жорық-2D») зымыран-тасығышының көмегімен ұшырылып, белгіленген орбиталарына сәтті шығарылды.

Бұл спутниктер негізінен Жерді бақылау технологияларын тәжірибелік тексеру үшін пайдаланылатын болады.

Аталған ұшыру «Чанчжэн» («Ұлы жорық») сериясындағы зымыран-тасығыштардың 632-ші ұшырылымы болды.

Xinhua Silk Road - Belt and Road Portal, China

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -