Тәжікстаннан келген, жүректің туа біткен ақауы бар балалар Циндао қаласындағы әйелдер мен балалар ауруханасында операциялық ем ала бастады, деп хабарлайды Xinhua.
Тоғыз кішкентай пациент өткен жұма күні ата-аналарымен және дәрігерлермен бірге Қытайға келді.
Емдеу Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясындағы ынтымақтастық бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылуда.
Әрбір бала үшін жеке емдеу жоспары әзірленген. Қазіргі уақытта операциялар жоспарға сәйкес жүргізілуде және олар осы аптада толық аяқталады деп күтілуде.