Қытай метеорологиялық басқармасы «Фэнъюнь-4С» спутнигінен алынған алғашқы бақылау суреттерін жариялады. Бұл Қытайдың Күннен Жерге дейінгі кеңістікті нақты уақыт режимінде тәуелсіз және басқарылатын түрде бақылау мүмкіндігіне ие болғанын көрсетеді, деп хабарлайды Xinhua.
Ведомство мәліметінше, спутник бортындағы алты құралдың барлығы техникалық сипаттамалары бойынша әлемдік озық деңгейге жеткен.
Алғашқы суреттер «Фэнъюнь-4С» спутнигінің ауа райын бақылау, атмосфераны зондтау, найзағайды анықтау, ионосфераны бақылау және Күн белсенділігін қадағалау мүмкіндіктерін көрсетеді. Бұл деректер метеорологиялық болжамдарды жетілдіруге және ғарыштық ауа райы бойынша ерте ескерту жүйесін дамытуға негіз болады.
«Фэнъюнь-4С» спутнигі 2025 жылғы 27 желтоқсанда Сычуань провинциясындағы Сичан ғарыш айлағынан ұшырылған. Қазіргі уақытта ол геостационарлық орбитада жұмыс істеп тұрған ең қуатты метеорологиялық спутниктердің бірі болып саналады.