«Бір белдеу, бір жол» бастамасын бірлесіп ілгерілету аясында дәстүрлі қытай медицинасы Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы гуманитарлық алмасулардың маңызды символына айналды, деп хабарлайды Xinhua.
Дәстүрлі қытай медицинасының бастауларының бірі әрі ежелгі Жібек жолының маңызды торабы саналатын Қытайдың солтүстік-батысындағы Ганьсу провинциясы Орталық Азия елдерінен келген көптеген жастарды осы саланы меңгеруге тартуда.
2015 жылдан бастап Ганьсу қытай медицинасы университеті шетелдік студенттердің толық топтарын қабылдай бастады. Осы уақыт ішінде университет Түрікменстан, Тәжікстан және Қырғызстанды қоса алғанда, 10-нан астам елден 300-ден астам студентті бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейлері бойынша оқуға қабылдады.
Ганьсу қытай медицинасы университетінің партия комитетінің хатшысы Лян Чжаогуанның айтуынша, дәстүрлі қытай медицинасының өмір мен денсаулық туралы тұжырымдамалары халықаралық қауымдастықта кең қолдау табуда. Оның пікірінше, шетелдік студенттер бұл үдерістің куәгерлері ғана емес, сонымен қатар оны таратушылар болып табылады. Олар денсаулық сақтау саласында адамзаттың ортақ тағдыры қауымдастығын құруға өз үлесін қосып, білім мен тәжірибе алмасудың маңызды арнасына айналып отыр.