Чехия мен Қытайдың бизнес, өнеркәсіп және мемлекеттік органдарының өкілдері Прагада өткен Қытай халықаралық жеткізу тізбектерін дамыту көрмесінің (CISCE) таныстырылымында кездесті, деп хабарлайды Xinhua.
Чехия Республикасының Өнеркәсіп және сауда министрлігінің бейеуропалық елдер департаментінің директоры Рихард Главатый қазіргі әлемдік экономиканың өзара тығыз байланыста екенін атап өтті. Оның айтуынша, жеткізу тізбектері халықаралық сауданың негізі болып табылады, ал олардың тұрақтылығы мен тиімділігі жаһандық экономикалық өсім үшін маңызды.
Чехия Қытаймен серіктестікті жоғары бағалайды. Бұл ынтымақтастық автомобиль жасау, өнеркәсіп, технология және логистика салаларын қамтиды.
Қытайдың Чехиядағы елшісі Фэн Бяо екі ел арасындағы сауда көлемі 2025 жылы 44,2 млрд АҚШ долларына жеткенін атап өтті.