Қытайдың көтерме және бөлшек сауда секторы 2026 жылдың бірінші тоқсанында тұрақты өсім көрсетіп, ішкі нарықтың дамуын қолдады. Бұл туралы Министерство коммерции КНР хабарлады.
Саланың қосылған құны жылдық мәнде 4,1%-ға өсіп, 3,5 трлн юаньға (шамамен 510 млрд АҚШ доллары) жетті, бұл елдің жалпы ішкі өнімінің 10,5%-ын құрайды.
Көтерме сауда сегментінде мәмілелер көлемі 8,6%-ға артты, ал өндірістік материалдар нарығында өсім 16,1%-ды құрады. Бөлшек сауда көлемі 11,3 трлн юаньға жетіп, 2,2%-ға ұлғайды.
Ауылдық жерлердегі онлайн-сауда жоғары қарқынмен дамуын жалғастыруда: сатылым 11%-ға, ал ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу 14,7%-ға өсті.
Тұтынушылық сұранысты ынталандыруда трейд-ин бағдарламасы маңызды рөл атқарды. Атап айтқанда, субсидияланатын тауарлар тізіміне енгізілген «ақылды көзілдіріктердің» сатылымы 40%-дан астамға артты.
Сарапшылардың пікірінше, ішкі сұраныстың өсуі, сауданың цифрлануы және мемлекеттік қолдау шаралары Қытайдың тұтыну секторын тұрақты дамытуға ықпал етуде.