Қытай бизнес-ортаны жақсарту бағытында елеулі жетістіктерге қол жеткізді. Бұл туралы елдің жетекші экономикалық жоспарлау органы — Мемлекеттік даму және реформалар комитеті жариялаған баяндамада айтылды.
Баяндамада елдегі бизнес жүргізу жеңілдігін арттыру саласындағы жетістіктерге жан-жақты шолу жасалған. Нақты деректерге негізделген құжатта 2025 жылы негізгі бағыттар бойынша қол жеткізілген оң өзгерістерге баса назар аударылады.
Арнайы бөлімде 14-бесжылдық жоспар кезеңіндегі (2021–2025 жылдар) негізгі үрдістер мен жиынтық нәтижелер қарастырылған.
Сондай-ақ баяндамада бизнес-ортаны реформалауға бағытталған инновациялық шаралар көрсетілген. Құжатта 2025 жылы қабылданған негізгі заңдар, нормативтік актілер мен саяси құжаттар тізбеленіп, нарыққа кіру кедергілерін жою және «инволюциялық» бәсекелестік мәселелерін шешу секілді басым бағыттарға ерекше көңіл бөлінген.
Алдағы кезеңге көз жүгірткен баяндама Қытайдың бизнес-ортаны үздіксіз оңтайландыруға деген берік ұстанымын атап өтеді. 15-бесжылдық жоспарға (2026–2030 жылдар) арналған мақсаттар қатарында неғұрлым серпінді нарық қалыптастыру, әділ құқықтық орта құру, сауда және инвестициялық ахуалды тартымды ету, сондай-ақ сапалы әрі тиімді мемлекеттік қызметтерді дамыту міндеттері бар.