Қытай спутниктік интернет технологияларын сынауға арналған жаңа жерсерікті ұшырды

1133
Фотосурет: Синьхуа

Қытай спутниктік интернет технологияларын дамытуға арналған жаңа сынақ жерсерігін сәтті ұшырды.

Ұшыру Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясында орналасқан Сичан ғарыш айлағынан Бейжің уақыты бойынша түнгі сағат 02:07-де «Чанчжэн-2D» (Long March-2D) зымыран-тасығышының көмегімен жүзеге асырылды. Жерсерік белгіленген орбитаға сәтті шығарылды.

Ол негізінен спутник пен ұялы телефон арасындағы тікелей кең жолақты байланысты қамтамасыз ету, сондай-ақ жерүсті және ғарыштық желілерді біріктіру технологияларын қоса алғанда, бірқатар жаңа технологияларды сынақтан өткізу және тексеру үшін пайдаланылады.

Бұл «Чанчжэн» сериялы зымыран-тасығыштарының 646-шы ұшырылымы болды.

Xinhua Silk Road - Belt and Road Portal, China

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -