Қытайдың ірі мегаполистерінің бірі Чунцин қаласында елдегі ең ірі автомобиль форумдарының бірі саналатын 28-ші Чунцин халықаралық автокөрмесі өз жұмысын бастады.
Көрмеде 100-ден астам отандық және шетелдік брендтің 1000-нан астам автокөлік моделі ұсынылған. Келушілер жеңіл автомобильдер, электр көліктері, зияткерлік басқару жүйелері және автомобиль технологиялары саласындағы соңғы жаңалықтармен таныса алады.
Автокөрме дәстүрлі түрде Қытай автомобиль өнеркәсібінің инновациялық жетістіктерін көрсетуге, сондай-ақ әлемнің жетекші өндірушілерінің жаңа модельдері мен болашағы зор технологияларын таныстыруға арналған маңызды алаң болып табылады.
Іс-шара 21 маусымға дейін жалғасады және оған салалық мамандардың, бизнес өкілдерінің және Қытайдың түкпір-түкпірінен келетін автокөлік әуесқойларының көп саны қатысады деп күтілуде.