Шаньдун провинциясының жағалаудағы Циндао қаласында 36-шы Халықаралық сыра фестивалі ашылды. Фестиваль 15 тамызға дейін жалғасады. 30 күн бойы қонақтарды сыра дәмін тату, концерттер, көрмелер және түрлі мәдени іс-шаралар күтеді.
Фестивальде әлемнің түкпір-түкпірінен әкелінген 2300-ден астам сыра түрі, оның ішінде крафт және жеміс сыралары ұсынылған. Іс-шара өтіп жатқан Сихайань (Батыс жағалау) жаңа ауданында 2 мыңнан астам шара ұйымдастырылады. Биылғы басты жаңалықтардың бірі – келушілерді роботтар қарсы алып, технологиялық шоулар өткізілетін «Болашақ сыра қайнату зауыты» интерактивті аймағы.
Ұйымдастырушылар әлемдік сыра өнеркәсібін дамыту мәселелеріне арналған халықаралық іскерлік кездесулер бағдарламасын да әзірледі. Циндаодағы халықаралық сыра фестивалі 1991 жылдан бері өткізіліп келеді және бүгінде әлемдегі ең ірі әрі ең танымал сыра фестивальдерінің бірі саналады.