Ляньюньганьға сапар

1254
Фотосурет: Xinhua

Қытайдан Еуропаға қарай жүйткіген заманауи жүк пойыздары Еуразияның алып кеңістігін бұрын-соңды болмаған жылдамдықпен жүріп өтіп жатыр. Біз Қазақстаннан келген бақылаушылар тобымен бірге бүгінгі “Жібек жолы” қалай жұмыс істейтінін өз көзімізбен көру үшін Ляньюньганьға келдік.

Ляньюньган қаласындағы Қытай-Қазақстан логистикалық базасында қазақ, өзбек, қырғыз, тәжіктің ұлттық киімдері мен аспаптары, әшекей бұйымдарыннан кішігірім көрме жасалған екен. Көзіме қазақтың ұлттық аспабы оттай басылып, шабыттанып, күй орындадым. Менің шабыттануымның бірден бір себебі - Қытай тарапының көрші, серіктес елдердің мәдениеті мен құндылықтарына деген құрметі. Бұл нағыз достықтың көрінісі.

Сапар барысында тағы бір нәрсеге назар аудардым. Қытайдағы өндіріс орындарында еңбек ететін мамандардың өз ісіне деген жауапкершілігі мен кәсіби деңгейі жоғары екені байқалады. Әрбір процестің ретімен жүруі, технологиялық тәртіптің сақталуы, қауіпсіздік талаптарының қатаң орындалуы адамға сенім береді. Зауыт ішінде жүргенде өндірістің жай ғана үлкен көлемде емес, жүйелі әрі қауіпсіз ұйымдастырылғанын сезіндім. Бұл — Қытай өндірісінің маңызды артықшылықтарының бірі деп ойлаймын. Ондағы адамдар еліне адал қызмет ететіні күмән тудырмайды.

Еуразияның жаңа жолы осылай қалыптасып жатыр. Және бұл жолдың ең маңызды ерекшелігі — оның жылдамдығында ғана емес, тұрақтылығында, сенімділігінде.

Жалпы, Қытайдағы сапарымда, Сиань, Ляньюньгань, Бейжің қалаларында болғанда бақйғаным - Қытай елі әлемдегі ең қауіпсіз, әрі өте жылдам дамып жатқан алып ел екен. Адамды ұлтына, нәсіліне, тіліне бөлмей, меймандостықпен қарсы алатын, қонақжай халық екен.

Әлішер Рахат, жазушы

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Как разместить агитационные материалы политическим партиям на DKNews.kz

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -