Қытайдың Цзянсу провинциясының әкімшілік орталығы Нанкин қаласында 11-ші Дүниежүзілік интеллектуалды өндіріс көрмесі ашылды. Оған Қытай мен шет мемлекеттерден 600 -ден астам қатысушы жиналды.
Ауқымды көрме шамамен 55 мың шаршы метр аумақты алып жатыр және заманауи өнеркәсіптік технологияларға қызығушылық танытқан көптеген келушіні тартуда.
Көрме әлемдік өнеркәсіптің ең қарқынды дамып келе жатқан бағыттарының бірі - цифрлық технологияларды, автоматтандыру мен жасанды интеллектіні пайдалануға негізделген интеллектуалды өндіріске арналған.
Мұндай іс-шаралар технологиялық тәжірибе алмасуға, жаңа әзірлемелермен танысуға және әртүрлі елдердің өнеркәсіп саласы өкілдері арасындағы іскерлік байланыстарды кеңейтуге мүмкіндік береді.
Көрменің өткізілуі Қытайдың өнеркәсіпті цифрлық жаңғыртуға және озық өндірістік технологиялар саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға барған сайын көбірек көңіл бөліп отырғанын көрсетеді.