Діни ағымдарды ұстанушылар тарапынан 60-тан астам қылмыс ашылды

975



Полиция қызметкерлері Ақтөбе облысындағы деструктивті діни ағымдарды ұстанушылар тарапынан 60-тан астам қылмысты ашты.

Қаруды әкету, заңсыз сақтау, жеке мүлікті ұрлау, тонау және кісі өлтіру және басқа да ауыр қылмысты дінді жамылып жасаған. Экстремизм мен  терроризмге қарсы іс-қимыл құқық бұзушылықтың алдын алу және  қылмысқа қарсы күреспен қатар Ішкі істер органдарының алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі болып табылады.Бұл теріс құбылыстар құқық қорғау органдары тарапынан уақтылы шаралар қабылдауды талап етеді.Бүгінгі күні осы бағытта белсенді жұмыс жүргізілуде. Облыс аумағында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға басты назар аударылды.

Айта кету керек, адамдар өзінің шынайы пайдакүнемдік және қылмыстық ниетін білдіру мақсатында дінді жамылады. Полиция департаменті тұрақты негізде өңірдегі діни ахуалға жол бермеу мақсатында мониторинг жүргізіп отырады.

Мысалы, 2019 жылы 27 шілдеде Ақтөбе қаласында жағажайда кісі өлімі орын алды.  Аңшы мылтығының кесіндісінен өз танысына оқ атқан. Әкімшілік жауапкершілікке 511 адам тартылды. Оларға жалпы сомасы 2 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.

Жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, діни әдебиетті заңмен белгіленбеген   жерлерде  заңсыз  тарату  фактілерін  анықтау іс-шаралар жалғастырылды. Сонымен   қатар,   заңсыз  медициналық   қызметті  жүзеге   асырудың  және дінді жамылған емшіліктің 1 фактісі анықталды.

Жалпы, Ақтөбе облысының  Полиция департаменті  азаматтардың террористік қауіп-қатерден қауіпсіздігін  қамтамасыз ету саласында қойылған міндеттерді орындауға дайын.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -