Қазақстанның төлем карточкалары нарығы өсудің оң серпінін көрсетті. 2020 жылдың басында Қазақстанның төлем карточкалары нарығында 32,0 млн төлем карточкасы айналыста болды, олардың 57%-ы (18,2 млн) белсенді төлем карточкалары болып табылады.
Халықтың карточкалық өнімдерге сұранысы, мобильді сервистердің дамуы және банктердің жеңілдігі бар бағдарламалары өсудің негізгі факторлары болып табылады.
«Төлем карточкаларын пайдаланып, тауарлар мен қызметтер үшін ақы төлеу инфрақұрылымының даму процесі жалғасуда. Төлем карточкаларымен ақы қабылдайтын кәсіпкерлер саны да артып келеді», - деді Ұлттық Банктің Төлем жүйелерінің департаменті басшысы
2019 жылдың қорытындысы бойынша 96 428 кәсіпкер 134 484 сауда орнына 161 690 POS-терминал орнатты. 2018 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда кәсіпкерлер (17%), сауда орындары (22%) және POS-терминалдар (27%) санының өсуі байқалады.
фото: The Motley Fool