Қызылордада жалған ақпарат таратқандар анықталды

710



Қызылорда полицейлері үш облыс тұрғынын “Ватсап” мессенджері арқылы жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартты.

Полиция департаментінің қызметкерлері ватсап мессенджері арқылы жалған ақпарат таратқандарды анықтады.

Олар қаланың екі тұрғыны мен Жаңақорған ауданының бір тұрғыны болып шықты. Күдіктілер өз әрекеттерін толық мойындап, өкініп отыр.

Барлық фактілер ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы 4-бөлігімен “Төтенше жағдай кезінде көрінеу жалған ақпарат тарату” тіркелді.

Осыған байланысты тұрғындарды шындыққа сай келмейтін мәліметтерді таратпауға және арандатушылыққа жол бермеуге шақырамыз.

Облыстық Полиция департаментінің басшысы Сұлтан Бектөре: “Мұндай фактілерді анықтау үшін күн сайын әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізілуде және провокаторларды анықтау үшін барлық қажетті техникалық мүмкіндіктер бар”, – деп атап өтті.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -