Украинадан 76 отандасымыз оралды

594


Коронавирустық инфекцияның жылдам тарауына байланысты біздің азаматтарымызды шет елдерден қайтару жөніндегі іс-шаралар шеңберінде 27 наурызда Украинадан Қазақстанға тағы 76 отандасымыз сәтті оралды.

Осындай нәтижеге қол жеткізу үшін Елшіліктің дипломаттары ауқымды жұмыс атқарып, соның ішінде Қазақстанға қайтатын азаматтарымыздың тізімін әзірлеп, «Киев – Алматы – Киев» бағытында чартерлік рейс ұйымдастыру үшін тиімді әуекомпаниясын анықтау, қазіргі әлемдегі қиын жағдайда логистика мәселесін шешу және басқа да көптеген ұйымдастыру шараларын жүзеге асырды.

Біздің Украинадағы дипломаттарымызға азаматтарымыздың игілігі үшін қажырлы еңбек етіп, қойылған міндеттерді адал орындағаны үшін, сондай-ақ ҚР СІМ жедел штабындағы әріптестерімізге бүкіл әлем бойынша елшіліктер қызметкерлерінің жұмысын тиімді үйлестіргені үшін алғыс білдіреміз.
Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -