Жалған ақпарат таратқан жасөспірім ұсталды

403



Түркістан облысының полицейлері Қарнақ ауылында коронавирус туралы жалған ақпарат таратқан жасөспірімді ұстады.

28.03.2020 жылы Кентау қалалық полиция бөліміне Қарнақ ауылында коронавирусты жұқтырғаны туралы әлеуметтік желі арқылы жалған ақпарат таратқаны туралы хабарлама келіп түсті. Аталған жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы (көрінеу жалған ақпарат тарату) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратқан белгісіз адамды анықтау үшін полиция бөлімінде жедел-тергеу тобы құрылды. Осылайша жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Кентаулық полицейлер жалған ақпарат таратқан күдіктіні анықтап, ұстады.

Ол осы ауылдың тұрғыны жергілікті мектептің 8-сынып оқушысы болып шықты. Жасөспірім қылмысын толық мойындады және істеген ісіне өкінетінін айтты. Бала ата-ананың қадағалауына берілді және олармен тиісті профилактикалық әңгімелесу жүргізілді.

​Жасөспірімнің ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Түркістан облысының полицейлері жалған ақпарат таратқаны үшін азаматтарға қылмыстық жауапкершілік қарастырылғаны туралы ескертеді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -